• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:05:54
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2017 NEWS

Сұмдық! Теміртауда жүзін жасырмаған ер адамның ұрлығы видеоға түсіп қалған

Полицей қызметкерлері бірден іздеу жұмыстрына кірісіп кетті. Күдіктіні ұстау оңай болды, ол қаланың 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ғаламтор желісінде Теміртауда орын алған сұмдық тонау оқиғасының видеосы тарады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қолына пышақ ұстаған ер адам микронесиелік ұйымды тонап кеткен. Тіпті өзінің бет-жүзін де жасырмаған.

Видеодан байқағанамыздай, ұры кассаға кіретін есікті ашпақшы болады. Есіктің жабық екенін білген соң әйнекті бұзып, бөлменің ішіне кірді де, кассадағы ақшаны алып кетті.

Қызды пышақпен қорқытқан ұры жоғалтатын ешнәрсесі қалмағанын айтып, артынан ермеуін ескертті.

«Тонау оқиғасынан кейін полицей қызметкеріне 22 жастағы менеджер келді. Менеджердің айтуынша, ұры кассадан 174 мың теңге алып кеткен», – делінген облыстық баспасөз қызметінде.

Полицей қызметкерлері бірден іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Күдіктіні ұстау оңай болды, ол қаланың 30 жастағы тұрғыны болып шықты. 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір