• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:34:03
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 Әлеумет

Сұлулығын қару еткен содыр қыздардың аянышты тағдыры

Фалматаны 13 жасында туыстарының үйіне қонаққа бара жатқанда Камерунмен шекарада орналасқан ауылда ұрлап кетті

Фалматаны 13 жасында туыстарының үйіне қонаққа бара жатқанда Камерунмен шекарада орналасқан ауылда ұрлап кетті. Екі ер адам Фалматаны мотоциклмен алып қашқан. Олар бірнеше сағат жол жүрген. Одан кейін орманға бұрылып кеткен. Онда лагерь болды. Фалмата қайда келгенінен мүлде хабарсыз еді.

«Айналаның барлығы қамысты шатыры бар кішкентай үйлер. Қыздарды бір жерге орналастырды. Бір шатырда 9 қыз тұрдық. Жерде ұйықтайтынбыз» деп еске алады Фалмата.

Лагерьді «Боко харам» тобының содырлары басқаратын.

«Басында қашуды жоспарлап жүрдім. Алайда мүмкіндік мүлде болмады» дейді ол.

Көп ұзамай Фалматаға содырға тұрмыс шығуға немесе өз «миссиясын» орындау таңдауы тұрды.

Фалмата жасы кішкентай болғандықтан тұрмысқа шығудан бас тартты. Сондықтан өзін өлімге тігіп, өзгелердің де өмірін жалмауы керек болды.

Әйелдер мен балалар лагерьге армия шабуыл жасаған жағдайда оларды содырлардың әйелдері ретінде жазалайды деп қорықты.

Тікұшақтың даусы шыға қалса лагерьдегі адамдардың зәре-құты қашатын.

Лагерьдегі өмір

Таң ертең тұрасың. Таңғы ас. Тазалық жұмыстары. Намаз оқу. Тамақ ішу, қайта тазалық жұмыстары. Әр күн осылай өтетін.

Қыздар күніне бірнеше сағат Құран аяттарын жаттайтын. Фалмата үшін діни сабақтар лагерьдегі сұрықсыз өмірде жалғыз жұбаныш болды.

Бір күні қарулы екі ер адам лагерьге келіп, лагерьдегі күнделікті өмір бағытын басқа арнаға бұрды.

Фалматаға тезірек жиналып, маңызды оқиғаға дайындалуды бұйырды.

Фалматаның шашын тіктеп, аяғына қына жақты. Фалмата бастапқы кезде тойға дайындық деп ойлады.

«Менің Хува есімді құрдасым болды. Ол тұрмысқа шығуға өз келісімін берді. Тұрмысқа шығып қашып кету оңайға соғады деп ойлады. Оны осы шешімі үшін барлығы жеккөрген еді. Олардың арасында мен де бармын. Алайда уақыт өте келе құрбыма түсіністікпен қарадым. Оны аяйтынмын. Хува өте бақытсыз еді» дейді Фалмата.

Ол кезде Фалматаның өз жағдайы да мәз емес еді. Оны бір ғана ой мазалады: Содырлар Фалматаны тұрмысқа бермекші ме әлде басқа мақсатта пайдаланбақ па?

Екін күн өткеннен кейін оны содырлар жанкешті белдігін киюді бұйырды. Өз өмірін құрбан ете отырып, жұмаққа түсетінін айтты.

Тарихтағы алғашқы жанкешті әйел

1985 жылы Сана'а Мхаидли есімді ливандық 16 жастағы қыз екі израилдік сарбазбен бірге өзін де жарып жіберген.

Сол уақыттан бері содырлар әйелдерді жанкешті ретінде пайдаланады. Оның ішінде “Боко харам” ең қатігезі болып саналады. Соңғы үш жылда содарлар 400 қыз бен әйелді женкешті ретінде пайдаланған.

2016 жылы желтоқсанда содырлар Нигерияның солтүстік-шығыс аймағындағы базарды жарып жіберді. Жанкештінің бірінің жасы – жетіде болса, екіншісі – 8 еді.

Фалмата өмірі мен миссия

Фалмата мен тағы бір қызды жанкешті ретінде дайындады. Оларға адам көп шоғырланған жерге барып өзін жаруды бұйырды. Оларды өз адамдары аңдитынын айтқан. Екі қыз жолда не істейтіндерін ақылдасып, бұйрықты орындамай, қашып кетеміз деп шешкен. Алайда оларды «Боко харамның» басқа мүшелері ұрлап кетті.

Бір айдан кейін Фалматаның алдында қайта таңдау тұрды. Тұрмысқа шығу немесе жанкешті болу.

Фвлмата тұрмысқа шығудан қайта бас тартты. Ал кезекті «миссиядан» құтылуға алдыңғы тәжірибе көмектесті.

Фалматаға қына жағып, шашын жөндеді. Беліне таныс белдік кигізді. Бірақ осы жолы көз жасына ерік бермеді. Содырлар көзден таса болғанда Фалмата орманға қашып кетті.

«Орманда шаруаларға кез болдым. Оларға бастан өткергенімді айтып, белімдегі жарылғыш затты шешуге көмектесуін сұрадым» дейді Фалмата.

Бірнеше күн Фалмата қалаға жол іздеп орманда жүрді. Онда аңшыларды кезіктірді. Олар Фалматаны өзімен бірге алып кетті. Алайда «Боко харам» содырлары оларға шабуыл жасады, тұтқынға алды. Фалмата олардан қашып кете алды.

«Мен орманда жүргенде қатты қорықтым. Кез келген дыбыстан шошыдым. Ағашта ұйықтадым. Бір апта бойы ештеңе жемедім. Шалшық су іштім. Намаз алдында дәретті шалшық сумен алдым. Құдай маған көмектесті. Мен жолды таптым» дейді Фалмата.

Фалмата үйіне оралды. Ол бірнеше ай тығылып жүрген. Оны тұтқындайды деп қорықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір