• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:36:03
Алматы
+35°

17 Наурыз, 2018 NEWS

СҚО әкімдігі мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» меморандумға қол қойды

Кездесу соңында СҚО әкімдігі мен  «Назарбаев зияткерлік мектептері» арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазір Петропавлдағы «Береке» ықшам ауданында орналасқан зияткерлік мектепте 597 оқушы озық үлгідегі білім жүйесімен оқып жатыр. Оқушылардың 35 пайызы ауылдық жерлерден келгенін атап өткен жөн. Өңір басшысы Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алуға ұмтылған жастардың қатары жыл санап артуда деп атап өтті. Мектептің түлектері әлемнің үздік университеттерінде білім алып жатыр.  Құмар Ақсақалов білім ордасының 10 жылдық мерейтойымен де құттықтады. 

Өз кезегінде басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова зияткерлік мектептердің әлемдік талаптарға сай білім беріп жатқанын атап өтті. Осы тәжірибені енді орта білім беретін мектептерге тарату міндеті тұр. Қазір бұл бағытта білім ордасы облыстың негізгі мектептерімен жұмыс жасап жатыр.

Кездесу соңында СҚО әкімдігі мен  «Назарбаев зияткерлік мектептері» арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Меморандумның мақсаты -  балаларды тәрбиелеу және оқыту, білім беру ұйымдарын басқару саласында "Назарбаев зияткерлік мектептері" ұйымының тәжірибесін тарату, сонымен қатар аймақта инновациялық білім беруді дамыту бағытында педагогтардың кәсіби деңгейін арттыру бойынша ынтымақтастық болып табылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір