• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:26:59
Алматы
+35°

17 Маусым, 2018 Аймақтар

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қалада жетінші веломарафон өтті

Бүгін Алматы қаласында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қалада жетінші веломарафон өтті

Бүгін Алматы қаласында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында қалада жетінші веломарафон өтті.

Ақпараттық және спорттық ХАБ-тан мәлім еткендей, 800-ге жуық әуесқой әдеттегідей «Нұрлы Тау» бизнес орталығында бас қосты.  Бұл жолы олар 9 шақырым қашықтықты бағындырды. Велошеру Мұxтар Әуезов атындағы драма театрдың маңында аяқталды.

Мәре сызығын еңсерген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды, кейбірі басты сыйлық - велосипедтің иегері атанды. Солардың бірі Илья Шмаровоз болды.

«Мен «Гоу про» камерасын жеңіп ала алмағаныма көңілім құлазып тұр еді. Алайда, кейіннен велосипед жеңімпазының нөмірін естігенде өте қуандым. Бұл менің осы жылғы бесінші велошеруім. Бүгін әкеммен және ағаммен келдім. Өзімнің велосипедім ескіріп қалған еді. Енді велошерулерге жаңасымен қатысамын», - деп әсерімен бөлісті жеңімпаз Илья Шмаровоз.

Айта кетер жайт, бүгінгі велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылға жоспарланған 21 велошерудің жетіншісі болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір