• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:22:17
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

Созақта таланттар танылуда

Осы орайда, қос ауылдық округ кезегімен өз бағдарламаларын ұсынды

Созақ ауданының орталығындағы Тәуелсіздік саябағында үш айдан бері өтіп жатқан "Теріскей таланттары-2018" халық өнер фестивалінің "Халық-өнер қайнары" атты ұжымдық көркемөнерпаздар байқауы Сызған, Жуантөбе ауылдық округтері өнерпаздарының концертімен жалғасты.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында туған жердің рухани, мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттау және Астананың 20 жылдығы мен Созақ ауданының 90 жылдығына арнап ұйымдастырылған фестиваль барысында аудандағы әрбір ауылдық округте өнердің барлық жанры бойынша іс-шаралар өтіп, қорытынды гала-концертті орталықта өткізу міндеттелген болатын.

ОҚО

Осы орайда, аталған қос ауылдық округ кезегімен өз бағдарламаларын ұсынды.

Айта кетерлігі, Жуантөбе ауылы мәдени іс-шараны тұңғыш рет кең көлемде өткізіп, елге ерекше әсер қалдырған. 2000-нан аса халқы бар елдімекеннен 100-ден аса өнерпаз жұмылдырылып, "Үшкөкше әуені-Жуантөбе" атты мерекелік шарада Теріскей төсіндегі тасада жүрген таланттар киелі сахна төріне шығып  әсем ән айтып, мың бұрала би де биледі. Әсіресе, "Рухани жаңғыру", Астанағы - 20жыл", "Созаққа - 90 жыл" флешмобы мен жергілікті ақын-сазгерлердің әндері, мектеп ұстаздарының интермедиясы, өңірдің сұлу сөз зергерлері Жұпар Жүзбаева мен қызы Жәудір Жұбанышеваның "Жуантөбе" шығармалары қарт Қаратау қойнауында мамыражай күн кешіп жатқан мейірбан да еңбекқор, татулығы мен ауызбірлігі бекем халықтың қасиетін, жердің ерекшелігін, табиғи қалпын көрермен көңіліне өнер арқылы қондыра білді.

ОҚО

"Жуантөбе ауылынан шыққан қаншама әнші, ақын, сазгерлер жетерлік. Бүгінгі байқауда барынша тақырыпты ашуға тырыстық. Ауылдық округтің тарихы мен тыныс-тіршілігін, қолөнер және қылқалам шеберлерінің еңбегін көрсететін көрме ұйымдастырумен қатар, еңкейген қарттан жүгірген балаға дейін аудан орталығынан 150 шақырым жерден 30-ға жуық көлікпен келдік. Қарияларымыз ауылдан өсіп келе жатқан жас дарындарды бүгін көріп, қуанып,  ақ баталарын беріп жатқанын да көрдіңіздер. Үлкен сахнаға шығып, дүйім халық алдында тұсауы кесіліп жатқан жас таланттарымыздың бағы жана беретініне сенімім мол"-дейді, Жуантөбе ауылдық округінің әкімі Абраев Дәуіржан Жолдасұлы.

Керуендете жеткен мерекелік кешке республикаға танымал әнші, Жуантөбе ауылының тумасы Марат Имашов та қатысып, елге өнер сәлемін жолдады.

Фестиваль жеңімпаздары 1 маусым күні "Теріскей таланттары-2018" байқауының қорытынды гала-концертінде аудан әкімінің қомақты сыйлығымен марапатталатын болады .

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір