• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:39:24
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2018 NEWS

Сот Бауыржан Мусинге қатысты үкім шығарды

Сот үкімімен Бауыржан Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусинге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылдың 16 сәуірінде Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусиннің Колпаковтан Колпаковтан Ассар KZ ЖШС мүддесі үшін 1 000 000 теңге және жеке кәсіпкер Құлшариевтен 400 000 мың теңге пара алды деген айып тағып, сот үкімін шығарды», - делінген сотта.

2016 жылдың 15 желтоқсанында комитет төрағасының орынбасары Мусин мен «Ассар KZ» ЖШС директоры арасында 4 900 000 теңгеге мемлекеттік тауар сатып алу туралы келісімшарт жасалған. Сот дерегі бойынша, Мусин Колпаковтан жеткізілмеген тауарды қабылдады деген актіге қол қойғаны үшін 1 000 000 теңге пара алды.

Бұған қоса, Мусин жеке кәсіпкер Е.Г. Құлшариевтен 400 000 теңге пара алған.

Сот үкімімен Бауыржан Мусин 7 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин 2017 жылдың 31 наурызында пара алғаны үшін ұсталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір