• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:42:03
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

Сооронбай Жээнбеков президент сайлауында жеңіске жетті

Ресми ақпаратқа сәйкес кандидаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған төрттікті 54,04 пайыз қолдауға ие болған Сооронбай Жээнбеков бастап тұр

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы жариялаған соңғы мәлімет бойынша 1 482 891 сайлаушының дауысы есептеліп болды. Ресми ақпаратқа сәйкес кандидаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған төрттікті 54,04 пайыз қолдауға ие болған Сооронбай Жээнбеков бастап тұр, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Екінші орында – сайлаушылардың 33,65 пайыз дауысын алған Өмірбек Бабанов. Оппозициялық саясаткер Адахан Мадумаров – 6,54 пайыз көрсеткішпен үшінші орында. Төртінші нәтиже иеленген Темір Сариевтің еншісінде 2,5 пайыз дауыс бар. Мадумаровтан басқа қалған үш кандидат кезінде премьер-министр қызметін атқарған. Сайлаушылардың 0,67 пайызы барлық кандидаттарға қарсы дауыс берген. Президент сайлауына жалпы саны 11 кандидат қатыстырылды.

Қырғызстанның заңы бойынша президент сайлауының алғашқы турында сайлаушылардың жартысынан астамының дауысын алған кандидат бірден жеңімпаз деп жарияланады. Жээнбеков Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында 72,3 пайыз дауыс жинаса, оның басты қарсыласы Бабанов солтүстіктегі Талас облысында 85 пайыз қолдауға ие болған.

Қырғызстанның мерзімі аяқталып жатқан президенті Алмазбек Атамбаев өзінің қол астында үкімет басқарған Сооронбай Жээнбековті қолдап келген болатын. Ал Өмірбек Бабанов сайлау алдында Қазақстан президентімен кездескені үшін Атамбаевтың сынына ұшыраған.

 

Marzhan Abish

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір