• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:18:15
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 Әлеумет

Соңғы бес жылда Қазақстанда 50 жетімдер үйі жабылған

Мұндай мекемелердің қысқару себебі – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып, интернаттарға жіберілген балалар санының азаюы болып отыр.

Соңғы бес жылда жетімдер үйіндегі балалардың саны 40 пайызға қысқарған (10 мыңнан 6 мыңға дейін), деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

4445 бала туған әке-шешесіне оралған. Осы оң өзгерістерге орай Қазақстанда 50 балалар үйі  жұмысын тоқтатты.

ҚР БҒМ мәліметіне сәйкес Қазақстанда бес миллион бала тіркелген. Оның ішінде 26 мыңы – жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар.

Жетім балалардың жалпы санынан 20 375 (78 %) бала қазақстандық азаматтардың отбасында қамқорлықта, тек 5631 (21 %) бала жетім балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленіп жатыр.

Мұндай мекемелердің қысқару себебі – ата-аналарының қамқорлығынсыз қалып, интернаттарға жіберілген балалар санының азаюы болып отыр (2015 жыл – 2598, 2016 – 1854, 2017 – 1166).

Арнайы қызмет пен интернат мекемелерінде жұмыс жасайтын асырап алушы ата-аналар мектебінің арқасында қамқорлықсыз қалған балалардың жетімдер үйіне жіберілуі азайып келеді.

Баланың биологиялық ата-анасымен қалуы үйдегі проблемаларды ерте анықтау арқылы, мемлекеттік органдардың жағдайы төмен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуімен қамтамасыз етіледі.

2017 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі жағдайы төмен балаларды қолдау орталықтарының жұмысының жаңа ережелерін бекітті. Енді олардың қызмет көрсету аясы кеңейіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға ғана емес, сондай-ақ қатыгездіктен зардап шеккен балалардың қолайсыз жағдайларына да көмектесуге бағытталған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір