• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:09:20
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2018 Спорт

Сондерс: Головкин кездесемін десе мен дайынмын

Альварес ұсталып қалды. Ол алаяқ және суайт, оған ақталудың да еш қажеті жоқ. Енді оны ұзақ уақыт спортқа жолатпаған дұрыс.

WBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс болжамды допинг дауына байланысты тоқтатылған Головкин мен Альварес жекпе-жегі туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі SPORTINFORM САА сайтына сілтеме жасап. 

«Альварес ұсталып қалды. Ол алаяқ және суайт, оған ақталудың да еш қажеті жоқ. Енді оны ұзақ уақыт спортқа жолатпаған дұрыс. Головкинге келер болсақ, мен оның көптеген қарсыластарымен күш сынасып көргенмін, сондықтан ол менімен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Мен Лас-Вегас жұртшылығы алдында мұндай ауқымды кездесу өткізу бала кезден келе жатқан арманым. Головкиннен басқасы мені қызықтырмайды. Егер кездесемін десе мен дайын», — дейді Сондерс BoxingScene -ге  берген сұхбатында.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір