• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:25:36
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Солтүстік Кореядан келген жанкүйер қыздар әжетханаға да жалғыз жіберілмейді

Батыс тілшілері Пхенчханға келген солтүстіккорей қыздары қалай өмір сүріп жатқандығы туралы мәлімет жинады.

Батыс тілшілері Пхенчханға келген солтүстіккорей қыздары қалай өмір сүріп жатқандығы туралы мәлімет жинады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  КХДР-дан келген қыздар «капиталистік шындықтан» жан-жақты шеттетілуде. Қай жерге барса да, жендеттердің назарынан шықпай, тіпті әжетханаға да қараусыз жіберілмейді.

Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиада ойындарына әлемдегі ең жабық елден 229 жанкүйер қыз келді. Олардың жүріс-тұрысы қысқы ойындардағы ең ерекше құбылыс болды. Мәселен, олар қай жерде де үстеріне киген бірдей формасын тастамайды. Олар ойын өтіп жатқан қалаға бір жарым сағат қашықтықтағы жерде тұрып жатыр. Таңғы ас пен түстікке жанкүйер қыздарды 30 етіп топтап, алып барады.  Олардың қасында әрдайым бірнеше қарауыл ер адам жүреді.

Олар қыздардың шетелдіктермен сөйлеспеуі үшін трибунада да қасында жүреді. Ал жарыс уақытында әжетханаға барғысы келгендер тек ер адамдармен ғана бара алады.

Ал жанкүйерлер отырған трибунада қыздар стадионда ештеме болып жатқан жоқтай мінез танытады. Олар тіпті үзіліс кезінде де ән сала бастайды. Америкалық журналистер 35 жастағы жанкүйер, КХДР-дан келген босқын әйелмен сөйлесуге мүмкіндік алған.

Оның айтуынша, жанкүйер қыздарды ерекше партиялық дайындықтан өткен спорт мектебінің түлектері арасынан таңдап алады. Таңдалған қыздарға еңбекақы төлемейді және болатын жарыстарға оларды бірнеше ай дайындайды. Оның алдында солтүстіккореялық спортшылар ойын ұйымдастырушылары берген сыйлықтарды еліне алып бара алмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір