• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:16:59
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Солтүстік Корея мен Қытай басшылары АҚШ-КХДР саммитін талқылайды

Пекиннің әуежайына келіп тоқтаған ұшақ солтүстік кореялық мемлекеттік "Коре" авиакомпаниясына тиесілі.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Пекинге барды. Жапониялық Nihon Television Network телекомпаниясының журналистері оның ұшақтан түсіп жатқанын түсіріп алған.

Flightradar24 порталының мәліметінше, Пекиннің әуежайына келіп тоқтаған ұшақ солтүстік кореялық мемлекеттік "Коре" авиакомпаниясына тиесілі. Дәл осы ұшақпен Ким Чен Ын өткен аптада Сингапурға АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге барған болатын.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ким Чен Ын Қытай көшбасшысы Си Жин пиңмен АҚШ-КХДР саммитін талқылау үшін кездеседі. Айта кетейік, АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы саммит 12 маусымда өтті. Ал Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Ким Чен Ын  мен Си Жин пиңнің кездесуі 19-20 маусымда өтеді.


КХДР басшысы жұбайымен бірге Қытайда наурыздың 25-28 аралығында болып қайтқан. Бұл оның Солтүстік Корея билігін қолына 2011 жылы алғаннан кейінгі алғашқы мемлекеттік сапары болды. Алайда ол сапары жайлы кездесу аяқталған соң хабарланған еді. Екінші рет Ким Чен Ын мен Си Жин пиң 7-8 мамырда кездесті .

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір