• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 09:28:22
Алматы
+35°

02 Наурыз, 2018 Саясат

Сөгістен құтылған Бозымбаевтың орынбасары тұтылды (видео)

Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Энергетика министрлігіндегі бірнеше лауазымды қызметтегі адамды ұстады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  
Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.
Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан.
Сәдібековпен қол қойылған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігімен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген.
Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған.
Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.
Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір