• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:30:01
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Саясат

Сноуден: «Путин маған ұнамайды»

Ең қызығы, Ресейге алғаш келгенде Сноуденге жан-жақты шабуыл жасалыныпты. Ашығын айтқанда, ресейлік арнайы қызмет өз жағына тартқысы келіп әрекет жасаған.

Көптен бері Ресейдің Мәскеуінде ұялы телефоны жоқ, әлеуметтік желіде отырмайтын жайбарақат тыныш өмір сүріп жатқан Сноуденмен байланысқа түсіп, сұхбат алу оңайға соқпады. Алайда бірнеше айға созылған келіссөз барысында сұхбат алынды дейді шетелдік БАҚ.

Сноуденнің айтуынша, ол Мәскеуде шынында да қарапайым адамның күнін кешіп жүр. Пәтер жалдап өмір сүреді, метроға отырып межелі жеріне барады, Линдсимен (сүйіктісі-авт.) қолтықтасып киноға барады дегендей. Ғаламторда баяндама жасау арқылы ақша табатын ол өз өміріне дән риза екен.

Ең қызығы, Ресейге алғаш келгенде Сноуденге жан-жақты шабуыл жасалыныпты. Ашығын айтқанда, ресейлік арнайы қызмет өз жағына тартқысы келіп әрекет жасаған. Сноуден болса айтқанға иланбай, бірге жұмыс жасаудан бас тартқан екен.

Сұхбаттың біршама бөлігі Ресейдегі жағдайға арналыпты. Сноуден әңгіме барысында ресейлік билікті, атап айтқанда Путиннің жүргізіп отырған саясатын сынап тастады. «Путинді өмірде танымасам да, оның саясатын жақтырмаймын, қолдамаймын» деп сыр ақтарыпты Сноуден.

Сноуденнің айтуынша, ресейліктер ашық ауыз халық емес, олар биліктің қандай екенін жақсы біледі. Билікке қарсы шығып үндейін десе қолдары қысқа. Ресейдің басты бас ауруы билік қана емес, жемқорлық дендеген қоғам дейді ол.

Аударған: Жазира Байдалы

Дереккөз: www.tagesanzeiger.ch

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір