• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:58:39
Алматы
+35°

03 Қазан, 2017 Денсаулық

Скринингтік тексеру дерттің алдын алады

Скринигтік тексеріс тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі тізіміне кіреді, тіркелген мекен жайы бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі

Скринингтік тексеру аурудың бастапқы кезеңін дер уақытында анықтауға әрі асқындырмауға және жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді.

 Осы орайда Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрдана Беркінғалидың мәліметіне сүйенсек, қан айналым жүйесі аурулары бойынша өңірдегі 40-64 жас аралығындағы тұрғындардың 85,7%-ы, сүт безі обыры бойынша 50-60 жастағы әйелдердің 78,2%-ы, асқазан және өңеш обыры бойынша 50-70 жас аралығындағы тұрғындардың 86,6%-ы, тоқ және тік ішек обыры бойынша 50-70 жастағы тұрғындардың 79,8 %-ы, қант диабеті ауруы бойынша 40-60 жастағы тұрғындардың 86,8%-ы тексерістен өткен. Ал төрт жыл сайын келетін скринингтік тексерістен  қуықасты безі обыры бойынша 50-66 жас аралығындағы ер адамдардың 99,2%-ы,  бес жылда бір өтетін тексеріс жатыр мойнының обыры бойынша 30-60 жас аралығындағы әйелдердің 76%-ы  өткен.  Ал облыстық онкологиялық диспансерде жылына 50- ден астам жоғары мамандандырылған оталар жасалуда.  Атап өтсек, ауқымды гастрэктомиялимфодиссекция және ауқымды 2-зоналық  лимфодиссекциямен өңештің субтотальдық резекциясы,  жіңішке ішектің интерпозициясы интраторакальдық анастомоз, радикалды простатэктомия, радикалды цистэктомия, трансартелиалдыхимиоэмболизация мен порт-жүйесі орнатылуда.  Ал 2017 жылдың соңғы жеті айы бойынша облыста  дүние есігін ашқан нәрестелер мен  17 жас аралығындағы  бүлдіршіндерінің 137 616-сына профилактикалық тексеріс жүргізіліп, барлық балалардың 85  %-ы қамтылған. Олардың 16,7%- ның дерті анықталып, 11,7-ы диспансерлік есепке алынып, 72,3% -ы  сауықтыру емін қабылдаған.

Скринигтік тексеріс тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі тізіміне кіреді және тіркелген мекен жайы бойынша медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыдағы аурулардың алдын алуға болады. Сондықтан өз денсаулығын уайымдайтын әр тұрғын скринингтік тексерістен өткен жөн.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір