• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:28:05
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Ресей Федерациясына іссапар барысында «Сколково» техносаябағында «Инновациялық технологиялар саябағының» қазақстандық өкілдігінің ашылу салтанатына қатысты, сонымен қатар РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичпен екіжақты серіктестік мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Сколково» техносаябағында инновациялық дамудың «Ашық инновациялар-2017» VI Мәскеу халықаралық форумына қатысты.

Мәскеу

Биыл Форумның басты тақырыбы – цифрлық экономика. Әлемнің 90 елінен жиналған 18 мыңнан астам қатысушы цифрлық экономика мен әлемдік ақпараттандыруға қатысты ғаламдық үрдістердің трансформациялануын талқылауда.

Форум аясында «Сколково» техносаябағының базасында «Инновациялық технологиялар саябағы» (ИТС) Автономдық кластерлік қор өкілдігінің ашылуы өтті.

«Сколководағы» «ИТС» өкілдігі қазақстандық стартаптардың ЕАЭО нарығына шығуына қажетті жағдай жасап, білім және акселерациялық бағдарлама және софтлендингке платформа түрінде сараптамалық қолдау көрсетеді. Ал есесіне ресейлік компанияларға жеңілдетілген салық тәртіптері, стартаптарына инвестиция тарту механизмдері, ҚР ірі компанияларымен серіктестік және т.б. ұсынылады.

«Сколководағы» «ИТС» өкілдігінің ашылуы өткен аптада Сочиде ұйымдастырылған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша мемлекет басшылары арасындағы келісім үрдісіндегі ЕАЭО елдерінің цифрлық экономикасын сәйкестендіруге жасаған қарымды қадамдардың бірі болды. Қазіргі таңда біз Елбасының тапсырмасы бойынша адами капиталды және проактивті мемлекетті дамыту, цифрлы инфрақұрылымды жасау және

экономиканың барлық саласын цифрландыру мәселесін қамтитын "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жетілдірумен айналысып жатырмыз. Бұл бағдарламада экожүйені дамыту мен өнеркәсіп мекемелерін цифрландыру сияқты маңызды элементтер болады. Бағдарлама жуырда пысықталып жетілдіріледі»,- деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев.

Қазақстан вице-премьері іссапар барысында Ресей Федерациясының Үкіметі төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичпен кездесті. Тараптар инновациялық серіктестікті нығайту қажет екендігін айтып, нақты бағыттарды талқылады.

«Біз реттеуші үлгілерді үйлестіріп, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, коммуникациялық инфрақұрылым механизмдерін және білім мен ғылым мәселелерін сәйкестендіру керекпіз. Осы төрт базалық басымдық «Ресей цифрлы экономикасы» бағдарламасында да көрсетілген», - деді РФ вице-премьері Аркадий Дворкович.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір