• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 10:29:06
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Швейцариялық фотограф қазақстандық банкноттағы өз шағаласын таныды

Буркардтың айтуынша, дизайнер ешқандай қиындықсыз-ақ бар суреттерді пайдалана салған.

Швейцариялық фотограф Марсель Буркард қазақстандық банкноттан өзі түсірген шағаласын таныды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы фотограф өзінің желідегі парақшасына жазды. Оның айтуынша, шағаланың түпнұсқасы Уикипедияда бар, әрі авторлық құқығы да көрсетілген.

"Қандай мәртебе! Кеше Қазақстанның Ұлттық банкі шағалалардың суреті салынған жаңа банкнот шығарды деген хабар естідім. Бұл көпшіліктің қызу талқысына түсіпті. Ұлттық банк шағалалардың суреті ұрланған дегенді жоққа шығарады. Алайда желіде үш түпнұсқа сурет табылды", — деп жазды Марсель Буркард.

Буркардтың айтуынша, дизайнер ешқандай қиындықсыз-ақ бар суреттерді пайдалана салған. Фотограф суреттің авторы ретінде құқығын қорғайтынын мәлімдеп отыр.

Еске салсақ, Ұлттық банк 22 қарашада жаңа дизайнмен 500 теңгелік банкноттарды шығарды. Қағаз ақшаның бір жағында Қазақстан картасы мен Каспий теңізі, шағалалар бейнеленген. Желі қолданушылары шағаланы Уикипедиядан алынған деп сын айтуда. Ал, бас банк суретші натурамен жұмыс істеді, натура ретінде фотосурет интернеттен алынуы мүмкін дегенді алға тартады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір