24Шілде

ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ШЕКАРАДА «ТОНАЛҒАН АНАНЫҢ» ІСІН ҚЫСҚАРТТЫ

ШҚО ПРОКУРАТУРАСЫ ШЕКАРАДА «ТОНАЛҒАН АНАНЫҢ» ІСІН ҚЫСҚАРТТЫ

Атажұртқа көшіп келе жатып, ақпан айында Майқапшағай кеден бекетінде 50 мың доллар шамасында ақшасынан айырылған, кеденшілер тарапынан «контрабандамен» айналысты деп айыпталған Гүлжан Мәуітханның ісін прокуратура қысқартты деп жазады Qamshy.kz.

Бұл туралы аталған істің басы-қасында болып, жесір анаға жалпықазақстандық ақпараттық қолдау көрсетуге мұрындық болған қоғамдық өкілі Ұларбек Дәлейұлы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Ағайындар, сүйінші сұрай беруге болар,
Шығыс прокуратурасынан жақсы хабар жетті. Шекарада бар қаржысынан айырылған Гүлжан апайдың ісі қысқарыпты бұйырса!
Прокуратураның арнайы қаулысын ертең аламыз. 4 ай бойы төккен тер, еткен еңбек далаға кетпеген сыңайлы. Ақшасы қолына тисе өшуге айналған үміті қайта жанып, көңілі орнына түсіп, Қазақ Еліндегі тірлігін жалғастыра береді бұйырса. 
Бұл іске атсалысқан ағалар Erlan SairovМұхтар ТайжанАбзал ҚұспанAizhan Daribaeva қатарлы кісілерге, заңгерлерге, азда болса қаржылай қол ұшын созған Рысбек Мәуіт сияқты азаматтарға, өзге де мыңдаған тілеулестерге айтар алғыс мол!», - деп жазған Ұларбек Дәлейұлы қуанышын жұртпен бөлісіп.

Еске сала кетейік, 8 ақпан күні Қытайдан Қазақ еліне оралу мақсатында көшіп келе жатып, ШҚО Зайсан ауданына қарасты «Майқапшағай» кедендік бақылау бекетінде 49,900 АҚШ доллары тәркіленген Мәуітхан Гүлжан есімді жесір ананың тағдыры қыл үстінде еді. Күйеуінен жастай жесір қалып, екі баласын өмірдің небір тауқыметін тарта жүріп ер жеткізген Гүлжан Қытайдағы өзіне тиесілі үйі мен бар дүние-мүлкін сатып, ол ақшаға Астана қаласынан үй алуды көздеген екен. Алайда, қиын жағдайға тап боламын деп ойламаған.

«Майқапшағай» кедендік бақылау бекетінде 49900 АҚШ долларынан айырылған жесір анаға байланысты бірінші сот отырысы 17 наурызда Зайсан қаласында өткен болатын. Сот үкімі 234-бап бойынша Гүлжан Мәуітханқызын айыпты деп таныған. Сонымен қатар, 68 мың теңге айыппұл салып, қалған 40 мың долларды мемлекетке кіріс ретінде аударған еді. Алайда, бірінші сот шешімін әділетсіз деп наразы болған жұрттың қарасы көп болды. 10 сәуір күні Гүлжан Мәуітханқызы Зайсан аудандық сотының шешіміне келіспей, ШҚО сотына апелляциялық шағым түсірген болатын. Осы шағым бойынша 1 маусымға сот белгіленген. Оған байланысты 23 мамырда Астанада кезекті мәрте баспасөз мәслихаты өткен еді. Маусым айында өткен сот Зайсан қаласының шығарған сот шешімінің түгелдей күшін жойды.

Ұларбек Дәлейұлы атап жазғандай, Ерлан Сайыров, Мұхтар Тайжан, Абзал Құспан, Айжан Дәрібаева сияқты қоғамдық тұлғалар зардап шеккен анаға құқықтық, заңдық көмек көрсеткен еді. Сондай-ақ, аталған іс дұрыс нәтижемен аяқталмаса көші-қон саясатына да салқыны тиетінін билік пен заң орындаушы органдарға ескерткен болатын.


Майқапшағай кеден бекетінде контрабанда деген күдікпен ақшасы алынып қойған Гүлжан Мәуітханның ісі кедендік заңның солқылдақ екенін паш етті. Ақшасынан айырылып қалған ананы қоғам жалғыз қалдырған жоқ, қалың ел болып демеп, әлеуметтік желіде де үлкен қолдау көрсетті. Алайда ол кісінің басындағы жағдай тағы да қайталанбайды деп айту қиын. Осыған байланысты Qamshy.kz Атажұртқа бет түзеген қандастарға  Құқықтық кеңес жариялаған еді.  

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Қазақтың апайтөс жігіттері бар екен, елге қамқор болар ондай елдің ешқашанда жығылмайды ұраны.

  • 1 апта бұрын

    Жарайсыздар ағалар, елдің үміті елмен бірге жана берсін, Абзал Құспан ағадай асыл адвокаттар қатары көп болсын, адвокат Aizhan Daribaeva жеңісі құтты болсын, бір қазаққа болысқан Мұхтар Тайжан Ерлан ағалардың абройы арта берсін.

  • 1 апта бұрын

    кеденнің бұл жағдайға қатысты қылығы мен соттың ілгергі шешімі ешбір ақылға сймайды. атажюұртқа қоныс аударған оралманның жанындағы ақшасын тартып алу деген не сұмдық! сыртқа ағып жатқан ақша мен байлықтың есебі де, оны тектейтін жан да жоқ. керісінше елдің ішкі нарығына сырттан келе жатқан аз ақшаға қасқырдай тигеніміз не жосық?!

1
Польша президенті сот реформасы жөнінде заңға вето қоймақ
07/24 17:44 0 91
2
«Серпін» жобасы бойынша ЖОО-ға құжат қабылдау басталды
07/24 17:24 0 119
3
25 шілдеде Астананың қай аудандарында ауыз су болмайды?
07/24 17:12 0 86
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшілері тағайындалды
07/24 17:10 0 263
БҚО тұрғындары көшеге Жолбарыс батырдың есімін беруге қарсы шықты
07/24 17:10 0 812

Таныстырылғандар

Дугин: Ресейге қарсы шыққан Грузия, Украина, Молдова елдерінің шекарасы қиратылды, ал Қазақстан...
Дугин: Ресейге қарсы шыққан Грузия, Украина, Молдова елдерінің шекарасы қиратылды, ал Қазақстан...

Дугин: Ресейге қарсы шыққан Грузия, Украина, Молдова елдерінің шекарасы қиратылды, ал Қазақстан...

Әзірбайжан мен Ресей қарым-қатынасы және таулы Қарабахтағы текетірес, Ресей мен Түркия арасындағы жағдай жайында Александр Дугин өз сұхбатында айтып берді, деп...
05/04/2017 15:21 8 2753
Оразада сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?
Оразада сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?

Оразада сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?

Рамазан айында сәресіне тұрмаған кісі сол күнгі оразасына ниет етіп, ештеңе жеместен ауыз бекітеді, деп хабарлайды
05/20/2017 18:16 1 816
«Ономастика саласындағы жұмыстарды  ұйымдастырудың өзекті мәселелері»    республикалық семинары өтеді
«Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» республикалық семинары өтеді

«Ономастика саласындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» республикалық семинары өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің                Тілдерді...
05/29/2017 11:37 0 1172
Қазақ тілі орыс тілінің аудармасы статусында қалып келеді
Қазақ тілі орыс тілінің аудармасы статусында қалып келеді

Қазақ тілі орыс тілінің аудармасы статусында қалып келеді

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Ол қазақ ұлтының ресми құжаты. Қазақстандық ұлттардың тағдыр маңдайына жазылған төлқұжат. Тәуелсіздік алғалы қазақ тілінің...
06/02/2017 12:03 7 778
Америкалықтардың үрейін тудырған «беті жоқ Чарли» немесе «жасыл құбыжық»
Америкалықтардың үрейін тудырған «беті жоқ Чарли» немесе «жасыл құбыжық»

Америкалықтардың үрейін тудырған «беті жоқ Чарли» немесе «жасыл құбыжық»

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалық солдаттар окоптарда бір-біріне өз елінің  қорқынышты оқиғаларын баяндап беретін. Сондай оқиғалардың бірі 20...
06/16/2017 17:23 0 539
Атақты физик Стивен Хокинг адамдардың басқа ғаламшарға қашан көшетінін айтты
Атақты физик Стивен Хокинг адамдардың басқа ғаламшарға қашан көшетінін айтты

Атақты физик Стивен Хокинг адамдардың басқа ғаламшарға қашан көшетінін айтты

Британдық танымал физик Стивен Хокинг өзге ғаламшарға көшудің қажетттілігін мәлімдеді. Ол Норвегияда өткен Starmus   халықаралық ғылым фестивалінде...
06/22/2017 10:29 0 331
НЕЛІКТЕН ГРУЗИЯДА ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕР САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ?
НЕЛІКТЕН ГРУЗИЯДА ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕР САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ?

НЕЛІКТЕН ГРУЗИЯДА ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖЕР САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ?

Фермерлерді әлемнің түпкір-түпкірінен шақырып жүрген Грузия бүгінде өз жерлерін шетелдіктерге сатудан бас тартып отыр. Шаруашылыққа ыңғайлы жерлердің...
06/27/2017 15:16 0 721
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы
ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы

Астана уақытымен сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 16 өңірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды сайлауда дауыс берудің алдын...
Аудио тыңдау
06/28/2017 16:09 0 316
Хиджаб алғаш рет ресми түрде мектеп формасы ретінде бекітілді
Хиджаб алғаш рет ресми түрде мектеп формасы ретінде бекітілді

Хиджаб алғаш рет ресми түрде мектеп формасы ретінде бекітілді

Ұлыбритания тарихында тұңғыш рет хиджаб ресми түрде мектеп формасы ретінде бекітіліп отыр, - деп хабарлайды
06/30/2017 16:07 5 6056
Токиода оқушы қыздарға ақша үшін кездесуге баруға ресми түрде тыйым салынды
Токиода оқушы қыздарға ақша үшін кездесуге баруға ресми түрде тыйым салынды

Токиода оқушы қыздарға ақша үшін кездесуге баруға ресми түрде тыйым салынды

1 шілдеден бастап Токиода 18 жастан кіші қыз балаларға кездесуге негізделген жұмыстар атқаруға тыйым салынды. Осыған байланысты Токиода заң қабылданды. Бұл...
07/01/2017 13:13 0 2269
Мысырда су перісінің қаңқасы табылды
Мысырда су перісінің қаңқасы табылды

Мысырда су перісінің қаңқасы табылды

Жуырда Мысыр жағалауларының бірінде балық құйрықты әйел тәріздес жаратылыстың қаңқасы табылған, деп хабарлайды
07/12/2017 09:22 3 3019
АҚШ-та жаңа реформаға қарсы 80 адам ереуілге шықты
АҚШ-та жаңа реформаға қарсы 80 адам ереуілге шықты

АҚШ-та жаңа реформаға қарсы 80 адам ереуілге шықты

АҚШ-та денсаулық сақтау саласындағы жаңа реформаға қарсы бір топ адам Конгресс ғимаратына басып кіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды
07/12/2017 09:34 0 170
Қазақстандағы ең апатты жол бөлігі анықталды
Қазақстандағы ең апатты жол бөлігі анықталды

Қазақстандағы ең апатты жол бөлігі анықталды

Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2017 жылдың алғашқы жартысындағы жол апаттылығы мен жарақаттану жағдайы...
07/12/2017 22:31 0 245
Британия мен ЕО келіссөздің алғашқы кезеңінде келісімге келе алмады
Британия мен ЕО келіссөздің алғашқы кезеңінде келісімге келе алмады

Британия мен ЕО келіссөздің алғашқы кезеңінде келісімге келе алмады

Келіссөздің келесі кезеңі тамыздың аяғында өтеді. Бұл кездесуде Брекзиттен кейінгі ЕО пен Ұлыбритания азаматтарының құқықтарына көбірек көңіл бөлінеді.
07/21/2017 11:23 0 164
ҚР Премьер-министрі Павлодар облысындағы машина жасау зауытын аралады
ҚР Премьер-министрі Павлодар облысындағы машина жасау зауытын аралады

ҚР Премьер-министрі Павлодар облысындағы машина жасау зауытын аралады

«Проммашкомплект» Жаңғырту 3.0 аясында 2018 жылдың басында жаңа қуаттылықтарды іске қосуды жоспарлап отыр
07/21/2017 17:38 0 460