• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:30:19
Алматы
+35°

01 Маусым, 2018 Аймақтар

ШҚО-да жыл соңына дейін 277 IT-сынып ашылады

Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстың дарынды балаларын ұлықтау кезінде мәлімдеді

2018 жылдың аяғына дейін Шығыс Қазақстанда 277 IT-сынып ашылады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстың дарынды балаларын ұлықтау кезінде мәлімдеді. 

Бүкіл әлемдік балаларды қорғау күнінде Даниал Ахметов аймақтың кішкентай дарынды балаларымен кездесті. Республикалық «Нұр Отан – балаларға!» акциясы аясында облыстық филиалда ерекше қонақтарға арнайы жайылған «тәтті» дастархан басында бейресми жағдайда қызықты әңгіме болды. Облыс әкімі «қарапайым тілде» балаларға Шығыс Қазақстанның, жалпы республиканың даму жоспары туралы айтып берді. Әсіресе, Төртінші өнеркәсіптік жаңғыру жағдайына тоқталды. Бір қызығы, балалар да бұл тақырыптан алыс болмай шықты. Мәселен, 8 жасар Антон Слугин кішкентай болса да ақпараттық технологияға зор қызығушылық танытуда. Облыстық зияткерлік байқаулардың жеңімпазы бүгінгі кездесуде көрсеткен Lego Mindstorms моделінің роботын өзі бағдарламалап, арнайы әкелген. 

– Әлеммен бәскелестікке түсу үшін балалардың кішкентай кезінен бағдарламалауға үйрету керек. Бұл Елбасы айтатын болашақ. Биыл қыркүйекте Шығыс Қазақстанның барлық мектептерінде робот техникасы кабинеттері ашылады және бұл осы бағытта атқарылар істің басы ғана, - деді Даниал Ахметов журналистерге берген сұхбатында.    

  Айта кету керек, бүгін «Нұр Отан» партиясы саяси бюросының жиынында ел бойынша 1000 тегін IT-сыныптарын ашу міндеті қойылды. Жоба бағдарламалау және робот техникасын тереңдетіп факультативті оқытуға бағытталған. Енді еңбек нарығында жоғары сұраныс білікті IT-мамандарына болады.

– Шығыс Қазақстан бұл міндетті жыл арнасында шешеді. 1000-ның 277 IT-сыныбы ШҚО-да болады. Сонымен қатар, робот техникасы кабинеттерін компьютерлік сыныптарымен кіріктіреміз. Бізде IT-орталық бар, қажетті бағдарламаны жасаймыз. Айта кету керек, жақын арада ШҚО-да бағдарламашылар форумы өтеді. Онда тек аға буынды емес, балаларды да шақырамыз. Бүгін көрген ұл-қыздар мен мықты бағдарламашылардың өзіндік синтезін жасауды көздейміз, - деді аймақ басшысы.

Мейрамда барлық 26 балаға Даниал Ахметов салауатты өмір салтына бастар велосипедтің сертификатын табыс етті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір