• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:52:21
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 Аймақтар

ШҚО-да «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңі басталды

Білім сайысында 7-10 сынып оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен қазақ халқының әдебиеті, тарихы және салт-дәстүрі бойынша білімдері сыналамақ

 

ШҚО білім басқармасының облыстық қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы, Семей қаласының «Білім-Инновация» лицейі және Өскемендегі «Нұрорда» мектеп –лицейі бірлесе отырып қазақ тілінен республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының облыстық кезеңін ұйымдастырды.

- Біз оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятуды көздей отырып, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеби және рухани мұрасын насихаттауды қолға алдық. Мұндай байқаулар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті мен мәдени көзқарасын дамытуды мақсат тұтып отырмыз,- дейді байқаудың ұйымдастырушылары.

Білім сайысында 7-10 сынып оқушыларының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен қазақ халқының әдебиеті, тарихы және салт-дәстүрі бойынша білімдері сыналамақ.

Жыл сайынғы дәстүрлі олимпиада аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерден тұрады. Байқауға қатысушылар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз шеберлері», «Әнші бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» атты бес бағыт бойынша бақ сынайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір