• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:40:48
Алматы
+35°

08 Қыркүйек, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

ШҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 61 жоба жүзеге асырылады

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Абай ауданында орналасқан Қоңыр әулие үңгірінде болды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғалы бері көне жәдігерлеріміз бен тарихи-мәдени мұраларымыздың екінші тынысы ашылды. Бүгінде осындай ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы тың бастамалар көңіл қуантады.
Осы бағыттағы Елбасы тапсырмаларының өңірде орындалу барысымен танысу мақсатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар-Құл-Мұхаммед облысқа арнайы келді. Сапар барысында Мұхтар Абрарұлы облыс әкімі Даниал Ахметовпен бірге Тарбағатай ауданындағы киелі жерлердің бірі Ырғызбай ата кесенесінде болды. Бұл кесене ХІХ ғасырдың орта тұсында салынған діни архитектуралық ескерткіш. Ырғызбай Досқанаұлы заманында қазақ даласындағы дәрілік шөптердің қасиеттері мен қолдану тәсілдерін жетік меңгерген әйгілі емші және сынықшы болған. Бүгінде бұл орында «Туған жер» бағдарламасы бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Кешенде кесенеден бөлек, мешіт, музей және екі мыңнан астам кітап қоры сақталған кітапхана жұмыс істейді. Тіпті сол кітаптардың арасында ХVII-XVIII ғасырларда жазылған Ибн Синаның медициналық трактаттары да бар.
Елбасы бастамасын жүзеге асыруда Шығыс жұрты көпке үлгі болып отырғанын айтқан Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Соның нәтижесінде көптеген тарихи ескерткіштер күрделі жөндеуден өткізіліп, халықтың тағзым ететін, отандық және шетелдік туристердің жиі келетін, қазақ тарихынан сыр шертетін киелі орындарға айналып отыр. Осындай игі істерді Елбасымыздың халқына тарту еткен тамаша сыйы деп қабылдауымыз керек», – деді.
Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Абай ауданында орналасқан Қоңыр әулие үңгірінде болды. Мұнда кезінде данышпан Абай, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов сияқты тұлғалар арнайы келген.
Жалпы Шығыс Қазақстан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін арнайы кешенді жоспар дайындалып, оған әртүрлі 61 жоба енгізілгенін ерекше атап өткен жөн.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір