• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:57:37
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2018 Аймақтар

ШҚО-да мобильді қосымшада туристік аудиогид жасалады

Аудиогидка кіретін нысандарға кез-келген адам өз дауысын бере алады

ШҚО киелі жерлерін цифровизациялау шеңберінде ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мобильді қосымшада туристік аудиогид жасауды жоспарлап отыр. Аудиогидка кіретін нысандарға кез-келген адам өз дауысын бере алады.

Мұндай аудиогидтің қандай пайдасы бар? Ол туристерге біздің аймақтың бай тарихы мен көрікті туристік нысандары жайлы қолжетімді ақпарат алуға мүмкіндік береді екен.

Аталмыш аудиогид тегін және 4 тілде болмақ: қазақ, орыс, ағылшын және қытай. Барлық жазбалар Play Market, App Store және  toureast.kz сайтының платформаларында қолжетімді түрде орналастырылады.

Қазір toureast.kz сайттында аудиогидқа кіретін нысандар бойынша дауыс беру басталды. Өңірдің әрбір тұрғыны, оның ойынша, ең көп адам баратын нысанға дауыс беріп, өзінің пікірін қалдыра алады. Ұялы қосымша нысандарға дауыс берілгеннен кейін бірақ іске қосылады.

Сонымен қатар, жоба аясында «Шығыс Қазақстанның аңыздары мен ертегілері» атты электрондық кітабын жарыққа шығарды. Кітіпты шығарудағы негізгі мақсат өңірдің сакралдық орындарын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты өз өлкесінің тарихын білуге баулу арқылы көркем әдебиет оқуға қызығушылығын арттыру

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір