• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:18:21
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Аймақтар

ШҚО ардагерлік ұйымдары қазақ тілінің латын таңбасына ауысуын қолдайды

«Латын таңбасына көшу — заман талабы, өйткені латын таңбасы ыңғйлы болып табылады, қазақ тілінің фонетикалық жүйесін нақтырақ бере алады».

Шығыс Қазақстанның ардагерлік ұйымдары қазақ тілінің латын таңбасына ауысуын қолдап отыр. Бұл туралы біздің облыстың ардагерлік ұйымдарының өкілдері сенімді түрде айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2017 жылдың 13 қарашасында Облыстық Достық үйінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға ардагерлер кеңесінің қатысуы туралы дөңгелек үстел өтті.  Онда жастардың патриоттық тәрбиесі, ұрпақтың мираскерлігі мен ардагерлердің жеткіншек ұрпаққа берер көмегі туралы мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылы Семейде ардагерлердің өз еңбек жолдары туралы естеліктерінің 15-ші кітабы жарық көрмек. Ал Риддер қаласында ардагерлік ұйым 2 қыркүйек күні мектептерге шығып, сынып сағаттарын өткізді, оқушылармен олардың және Қазақстан Республикасының болашағы туралы әңгімелесті. Курчатовта ардагерлер кеңесі жастар орталығымен бірлесе отырып, спорттық сайыстар ұйымдастырады.

ШҚО Ішкі саясат бөлімініғ басшысы Краснобаева Нелли Леонидовна өз сөзінде: «Біздің ардагерлер үнемі алғы шепте!» деп атап өткен еді.

Қазақ тілінің латиницаға өту мәселесі жеке талқыланды. Оған қатысты филология ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ кафедрасының доценті Оразалин Сләмбек Қалибекұлы түсініктеме берді:

«Латын таңбасына көшу — заман талабы, өйткені латын таңбасы ыңғйлы болып табылады, қазақ тілінің фонетикалық жүйесін нақтырақ бере алады».

«Иә, бізге де оңай болмайды — оны барлығымыз жақсы білеміз, - дейді облыстық адгерлер кеңесінің өкілі подтвердил Шерубаев Айтқазы Сейітұлы. – Бірақ біз бұдан басқа қиындықтарды баста кешірдік. Ең бастысы, бұл біздің болашағымыз үшін!».

ШҚО-ның ардагерлік ұйымы осы жылы өзінің отыз жылдығын атап өтеді. Облысымыздың тек ірі қалаларында бүгінде 132 соғыс және еңбек ардагерлері бар. Олардың барлығы 1062 ардагерлік ұйымға біріктірілген.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір