• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:13:29
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Аймақтар

ШҚМУ ғалымдары Шығыс Қазақстан географиясының оқулығын шығарды

«Шығыс Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығының электронды форматы бар

ШҚМУ ғалымдары орта мектепке арналған Шығыс Қазақстан географиясының оқулығын шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдар ұжымы бірегей оқу құралын құрастырды. Ол «Шығыс Қазақстанның физикалық географиясы» деп аталады. Оқу құралының авторлары – география ғылымдарының докторы А.В. Егорина, Е.С.Зинченкжәне Ю.К. Зинчко.

Бұл кітап мектептегі өлкетану курсын қамтамасыз етуге арналған. Онда Шығыс Қазақстанның физикалық географиясы бойынша материалдармен қатар нақты координаттар көрсетілген өзіндік карталар бірге берілген. Әр бөлім суреттермен көркемделген. Мысалы, облыстың кен байлықтары туралы бөлімде пайдалы қазбалардың түсті фотосуреттері бар. Оқу құралы 2018 жылдың бас кезінде шығарылмақ.

«Біздің өлкенің байлығын, біздің немен мақтана алатынымызды балалар білуге тиіс. Оқулық барлығын қамтиды: ландшафт, пайдалы қазбалар, климат, инфрақұрылымдық нысандар, экономика, флора мен фаунаны», - деп өз ойымен бөлісті ШҚМУ стратегиялық даму мен ғылым бойынша департаментінің директоры Анар Мырзағалиева.

Орыс тіліндегі жаршы нұсқасы басылып, профессор Мырзағалиеваның соңғы редактурасының кезеңінде тұр. Кітап қазақ тіліне аударылған, оқулықтың екі түрлі нұсқасын шығару жоспарлануда – орыс және қазақ мектептеріне арналған. Осыдан кейін оқу құралы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің сараптамасынан өтіп, Шығыс Қазақстан аймағының орта мекептері үшін қосымша әдебиет ретінде ұсынылады.

Әзірше тиражы 1000 дана болады. Профессор Мырзағалиеваның айтуынша, ШҚО әкімі Даниал Ахметов әр мектеп екі тілде тегін оқулық алу үшін тиражды көбейтуге уәде етіпті.

Сонымен қатар, «Шығыс Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығының электронды форматы бар. Авторлық құқық қорғалған соң, ол облыстық әкімдіктің сайтында жарияланатын болады.

«Шығыс Қазақстанның физикалық географиясы» - Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы «Табиғат және табиғи мұра» жобасының бір бөлігі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір