• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:28:17
Алматы
+35°

07 Ақпан, 2018

Шоу-бизнестегі жалғызбасты аналар (фото)

Шығармашылықпен айналысып, балаларын бағып-қағып, екі жаққа бірдей үлгеретін аналар кімдер?

Танымал адамдардың жеке өмірі халық назарынан тыс қалмайды. Қанша жасырамын деп талпынса да, көпшіліктің көз алдында жүрген соң шындықтың беті ашылатыны белгілі. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес. Елімізде жалғызбасты аналардың саны күннен-күнге көбейіп келеді. Қоғамдағы жалпы ахуал шоу-бизнес өкілдеріне де тән. Шығармашылықпен айналысып, балаларын бағып-қағып, екі жаққа бірдей үлгеретін аналар кімдер? Олардың тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір әуелбекова

«Кеш You» арқылы танылған Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы Арыстан есімді жігітке тұрмысқа шығып, бір ұлдың анасы атанды. Бірақ көп ұзамай олардың ажырасып кеткені туралы сыбыс тарады. Мөлдір өзінің инстаграм парақшасындағы күйеуінің суреттерін өшіріп тастаған және ұлының әкесі Астанада тұрса да, өзі Алматыға қайтып келген. Сол себепті оны жалғызбасты аналар тізіміне қостық.

Ақбота Сейтмағамбет

Ақбота Сейітмағамбет

Баян Алагөзованың тағы бір шәкірті Ақбота Сейтмағамбет актер Дәурен Айдарқұловқа ұл тауып берген болатын. Олар алғашында өздерінің қарым-қатынасын халықтан жасыруға тырысты. Алайда әлеуметтік желі арқылы бәрі де әшкереленді. Олар шариғат жолымен некелерін қидырған еді. Қазір Ақбота бен Дәурен ажырасқандарын мәлімдеді. Ақбота Сейтмағамбет соңғы уақытта шығармашылығына көбірек көңіл бөліп жүр.

Жанна Абуова

Жанна Абуова

Отандық продюсер Жанна Абуованың Иманәлі есімді ұлы бар. Ол да жалғызбасты аналардың қатарында. Ол еліміздегі танымал әншіге ұл туып бергенін «Ұят емес» бағдарламасында айтты. Халықтың сүйікті әншісі мен Жанна Абуова мешітте неке қидырған. Кейін Жанна баланы дүниеге әкелген соң олардың ара қатынасы үзілген. Алайда оның ұлы әкесінің кім екенін білмейді, араласпайды.

Ерке Есмахан

Ерке Есмахан

Әндері үнемі рейтинг жинайтын қазақтың ерке әншісі Ерке Есмахан да әзірге жалғызбасты ана есебінде. Бірнеше жыл бұрын Ерке Есмахан мен танымал журналист Асхат Садырбай отау құрған еді. Алайда араға аз уақыт салып екеуі ажырасқандарын мойындады. Қазір Ерке Есмаханның  бір ұлы бар. Танымал әншінің жігіті туралы түрлі қауесет айтылады. Соңғы кездері әлеуметтік желіде Ерке Есмахан актер Әли Байжұматпен бірге түскен суреттерін жиі жариялайды. Көпшіліктің пікірінше, олар көңіл жарастырып жүргенге ұқсайды. 

Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева

Танымал әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева төрт қыз тәрбиелеп отыр. Ол бірнеше жыл бұрын Сәбит Әбдіхалықовпен некеде тұрған. Кейін Алтынай Жорабаева өзінің Сәбитпен ажырасқанын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Роза Рымбаева

Роза рымбаева

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның Әли Оқапов және Мәди Рымбаев есімді екі ұлы бар. Күйеуі Тасқын Оқапов 1999 жылы қайтыс болған. Қазір Әли мен Мәди әке-шешесінің жолын қуып, шығармашылықпен айналысып жүр.

Айгүл Иманбаева

Айгүл Иманбаева

Танымал актриса Айгүл Иманбаеваның Асылжан Әбдімүталиев атты ұлы бар. Оның бұрынғы күйеуі – Сәбит Әбдіхалықов. Айгүл Иманбаева ұлына есейгенге дейін әкесі туралы тіс жармаған. Ержеткен кезде ғана оған әкесінің кім екенін айтып берген. Қазір танымал актрисаның «Ai-studio» атты жекеменшік мектебі бар.

Тамара Асар

Тамара асар

Халықтың сүйіктісі Тамара Асар да – жалғыз ұлдың анасы. Оның бұрынғы жұбайының есімі Самат Орақ, ұлының есімі Қамбар.

Айгүл Мүкей

Айгүл Мүкей

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкейдің Асанәлі есімді жалғыз ұлы бар. Біраз уақыт денсаулығына байланысты бала көтере алмаған Айгүл Мүкей жалғыз ұлын жасанды ұрықтандыру арқылы дүниеге әкелгенін мойындады. Сонымен бірге ұлының әкесі барын, болашақта отбасын құруы мүмкін екенін де айтып өтті.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір