• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:11:05
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Шөкеев: Біз қатардағы қызметкерлерді емес, менеджментті ауыстырамыз

Алдағы бес жылда қор компанияларының қарқынды дамуы үшін корпоротивті мәдениетке аса көңіл бөлу керек.

«Самұрық-Қазына» қоры трансформациясының жұмысшыларды қысқартуға еш қатысы жоқ. Бұл туралы қор басшысы Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Самұрық-Қазына» қоры мен портфельді компаниялардың қызметкерлері, парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері мен қоғам қайраткерлері Астанада жиналып, ұлттық холдигтің құндылықтары мен даму жоспарын  талқылады.

Қордың басқарма төрағасының мәлімдеуі бойынша, алдағы бес жылда қор компанияларының қарқынды дамуы үшін корпоротивті мәдениетке аса көңіл бөлу керек. Себебі бұл көрсеткіш  омпанияның нақты құнына әсер етуі мүмкін.

«Біздің компаниялар, нарыққа шыққалы жатыр. Әрине, бір,бір жарым жылдың ішінде, IPO-ға шыққанша, біздің өндірістік көрсеткіштерімізде, технологияларымызда аса өзгерістер болмайтын да шығар, бірақ компания құнының өсуін мәдени өзгерістер тарапынан арттыруымызға болады. Трансформация компаниялардың ішкі құрылымын өзгертуге  бағытталған. IPO-ның алдында компания құнын бағалау кезінде инвесторлар компанияның ішкі құрылымына , корпоративтік мәдениетіне де қарайды. Сонымен қатар корпоративтік мәдениет компанияның құнына  әсер етеді»,- деп түсіндірді Шөкеев.

Қор басшылары топтың жаңа корпоротивтік мәдениетінің негізгі құндылығы  - серіктестік екенін атап көрсетті. Бұл аспект портфельдік компаниялардың өзара қарым-қатынасымен қатар қор акционерлері болып табылатын – Үкіметке де қатысты.

«Серіктес ретінде мемлекеттік органдар біздің қорда болып жатқан өзгерістерге зор қызығушылық танытатынын және игі өзгерістерге ұмтылатынын атап айтқым келеді. Қор да  өзгеру идеологиясының сыртқа тарағанына, соның ішінде  үкімет пен мемлекеттік органдарға тарауына мүдделі. Үздіксіз өзгеру философиясы барлығына дарығанын қалаймыз», - деп мәлімдеді «Самрұқ-Қазына» АҚ атқарушы директоры Нұрлан Рахметов.

Сонымен қатар, қордың басқарма төрағасы трансформация жұмыс орнын қысқартуды білдірмейтінін  атап өтті.

«Трансформацияның жұмысшы санын қысқартуға еш қатысы жоқ. Трансформация менеджментке деген талапты күшейтеді. Мысалы біз 1600 лауазымды іріктеп алдық, осы лауазымдармен жұмыс жасаймыз. Қатардағы жұмысшыларға келер болсақ, олардың бәсекеге қабілеттіліктеріне еш күмәніміз жоқ», - деп мәлімдеді Шүкеев журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

Шүкеев қордың барлық қызметкерлері ортақ мақсат үшін жұмыс істейтіндігін айтты. Ол  -  экономикалық тиімділікті және еңбек өнімділігін арттыру. Сондай-ақ оның сөзінше, мәдени кілт – бұл жай ғана құзіреттер жиынтығы ғана емес, бұл үнемі жақсылыққа, үздік тәжірибеге ұмтылыс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір