• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:40:30
Алматы
+35°

10 Маусым, 2018 Саясат

ШЫҰ саммитінде Жібек жолы ғылым академиясын құру жөнінде құжатқа қойылды

Қазақстан Президенті Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астанадағы келіссөздер процесі осы елде бейбітшілікке қол жеткізудің тиімді тетігі екенін атады.

Қытайда ШЫҰ саммитінде Жібек жолы халықаралық ғылым академиясын құру жөніндегі құжатқа қол қойылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ШЫҰ елдерінің мәдени, гуманитарлық және ғылыми ынтымақтастығы аясында Назарбаев Пекинде өткен жылы қозғалған Халықаралық Жібек жолының Халықаралық ғылым академиясын құру жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға баса назар аударды.

«Бүгін 30-ға жуық елдердің ғылыми институттарының өкілдерді аталмыш ғылым академиясын құру жөніндегі құжатқа қол қойды. Сонымен қатар, ғалымдар «бір белдеу, бір жол» жобасын ғылыми-сараптамалық тұрғыдан қолдауға дайын», - деді Елбасы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңейтілген отырысында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының конфессияаралық келісім саласындағы маңызды тәжірибесі мен түрлі мәдениет пен өркениеттер диалогын дамытуға қосқан үлесін атай отырып, саммитке қатысушыларды биыл Астанада 10-11 қазанда «Дін лидерлері қауіпсіз әлем үшін!» атты ұранмен өтетін VI әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің сьезіне шақырды.

Сонымен қатар, Назарбаев жиын барысында Қазақстан жаһандық және өңірлік тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үнемі күш жұмсап жатқанын атап өтті.

«Қазақстан Ауғанстанның экономикалық тұрғыдан тұрақты және қауіпсіз дамуын қолдайды. Осыған байланысты біз көптеген жылдар бойы Кабулға қаржылай көмек көрсетіп келеміз», - деді Мемлекет басшысы.

Жиын барысында Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астанадағы келіссөздер процесі осы елде бейбітшілікке қол жеткізудің тиімді тетігі екені айтылды.

«Қазақстан Корея түбегінің ядролық қарусыздануын тек қана  бейбіт жолмен жүзеге асыруды қолдайды. Иран ядролық бағдарламасы бойынша келісім жасасуға тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырамыз. Біз бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын қолдаймыз және одан әрі іске асыру жолында жұмыс жасаймыз», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы ШЫҰ төрағасы Ши жин пиң-ге ШЫҰ-дағы табысты басшылығы үшін алғыс айтты және Қырғызстанға осы лауазымның жемісті болуына тілектестік білдірді.

«Ұйымның табысы негізінен келісілген іс-әрекеттерімізге, әлемдік және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге көзқарастарымызға байланысты. Осы байланыс арқылы біз өз заманымызда туындаған кез келген қауіп қатерге дер кезінде жауап бере аламыз деп сенемін», - деді Қазақстан Президенті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір