20Ақпан

Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...

Шындықтың жаназасы... Қазақстанда Шындық қайтыс болды...
Ⓒcaricatura.ru

Қазақстанда Шындық қайтыс болды... Кеше атып кетті... Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, әртіс депутаттар, кландар мен жыландар келді. Шындықтың жаназасына...
Халық көп жиналды. 
--Шындықсыз қалай ел боламыз?—деп Өтірік министрі қорсылдап жылады... 
--Талай сорақыны халықтан жасырған елміз, соның бәрін Шындық жарияға жар салып жүруші еді, енді қайттік?—деп Жағымпаздар министрі Өтірік министрін жағымпаздана құшақтап, сұқ саусағымен тілін жалап, көзінің айналасын сулап қойды...
--Хош, Шындық аға!
--Топырағың торқа, ішкенің виски, жегенің тауық грилі болсын!
Молда Шындықтың жаназасын шығара бастады. Нөпір халықтың алдына шыққан Өтірік пен Жағымпаздар, Мафия мен Намыссыздар министрлері мен әртіс депутаттар қаздай тізіліп, бәрі портфельдерін қолтықтарына қысып алып, шіреніп тұра қалысты. Бастарын төмен салбыратып тұрудың орнына, қасқайып, шалқайып кетті... Бұлар өлмейтіндей... Молда Шындық ағайдың жаназасын шығарып жатыр, әне екі қолын құлақтарына апарды. О, тоба, Мафия министрі пистолетін шығарып, сонысымен құлағын қасыды. Өтірік министрі Елбасыға жалған ақпарат беріп үйреніп қалған ғой, әлдекімге ұялы телефонымен өтірік ақпарат беріп жатты... Таққұмар министрі креслода отыр...
Бір кезде молда басын оң жаққа, сосын сол жаққа қисайтып еді, әлгілердің мойындары бұрылмай қалды. Мойындары сіресіп, қатып қалған... Шындыққа бұрылмайтын мойындар...
--Уа, еліміздің қаймақтары мен жаймақтары!—деді молда Шындықтың жаназасын шығарып болған соң,--Шындық қандай адам еді?
--«Мощный» адам еді!—деді шала қазақ біреу міңгірлеп.
--Айтқаны «точный» адам еді!—деді алыстау тұрып, аузын баса қойған Жалтақ деген ақсақал.
--Өтірік айтпаңдар!—деп қалды Өтірік министрі галстугын қозғап қойып.
--Қылда несі бар десейші? Іші пысып, қара қылды қақ жарып отырушы еді жарық¬тық...
--Айтатыны: «Аққа құдай жақ»... 
--Талай саяси қылмыстардың бетін ашып, көп еңбек етті халыққа...
--Обал-ай, обал...-деп жалған жылады Жағымпаз министрі жан-жағына жалтақтай қарап,--біздің партияға мүше болғанда ғой, өлмес пе еді...
Билік дәлізінің жердегі «құдайлары» шулап кетіп еді, молда қолын көтерді:
--Айтыңыздаршы, Шындықтың сіздерге қарызы бар ма еді? Өзі жоқ болса да мұнда халық бар. Көп болып...
Министрлер жамырап кетті.
--Маған екі миллион теңге қарыз!
--Маған 370 миллион доллар қарыз!
--Маған қарыз болайын деп жүрген...
Бір кезде табытта жатқан Шындық басын көтерді. Өлікті тірілтетін өтірікке жаны шыдамаса керек. Ол ешкімге қарыз емес еді. Сол-ақ екен, әлгінде ғана шырт түкіріп, шіреніп тұрғандар тым-тырақай қаша жөнелді...

Мұхтар Шерім

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту


  • 1 апта бұрын

    Мұхтар, Жағымпаздар министрі, Өтірік министрі, Мафия министрі, Таққұмар министрі, Баққұмар министрі, әртіс депутаттар, кландар мен жыландардың өтіріктеріне жаны шыдамай тірілді, ШЫНДЫҚТАН олар қаша жөнелді, бірақ солар алысқа қашып құтыла алмағаны жайлы ЖАЛҒАСЫН КҮТЕМІЗ

    • 1 апта бұрын

      Ия жалғасын жаздым Ботагөз. "Көлеңкеңізді көтеріп жүрейін..." деп аталады. "Қамшыдағы" інілерім аман болса, жіберемін...

  • 6 күн бұрын

    Мен Темірлан деген ауылда тұрамын. Осы жаназа туралы қорықпай репортаж жазып жүрген сіздің жүрегіңіздің түгі бар екен. Басқа жазушылар да осылай жазу үшін, жүректеріне түк өсіретін дәрі ойлап табу керек.
    жүрегіңіздің түгі бар екен.

  • 1 апта бұрын

    Күшті!

    • 1 апта бұрын

      Рахмет, құрметті оқырманым!

1
Бұрынғы қазақ көк көзді, сары шашты болған ба?
20/02 09:37 0 50
2
20 ақпанда Қазақстанда қар жауып, бұрқасын соғады
20/02 09:18 0 68
3
Президент латын графикасына көшу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді
20/02 09:05 3 277
Елбасы Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекітті
20/02 08:59 0 74
Алматыда қырғыз депутаты екі айға қамалды
20/02 08:38 0 70

Таныстырылғандар

Зәуреш
Зәуреш
Зәуреш
Мені есіңе ап, көкке қарап тұрарсың Жанарыңа ыстық жасты үйіріп
08/02/2018 13:27 1 648
Мен - Қазақпын, ескертем...
Мен - Қазақпын, ескертем...
Мен - Қазақпын, ескертем...
Мен - Қазақпын, ескертем, Біздей емес еш мекен. Жерімізде бірнеше, Өзге ұлттар жүр неше? Тартып жүрсін табанын, Тарихымды білмесе...
08/02/2018 14:27 5 1047
Анадолыға жеткен Тәңіртаудың дауысы
Анадолыға жеткен Тәңіртаудың дауысы
Анадолыға жеткен Тәңіртаудың дауысы
Түрік тілінде шыққан топтамаға ақынның әр жылдары жазған ой-толғамдары, лирикалық шығармалары, әнге айналған бірнеше өлеңі кірген.
10/02/2018 17:33 0 1002
Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...
Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...
Байлар: Қап, кедей болғанымызда ғой...
Суфиянның кейбір бай достары «Қап, кедей болғанымызда ғой» дейді екен.
10/02/2018 15:09 0 1169
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Ай-қыздың неге мұңлы жанары?
Тағдырды тылсым танып көктегі, Тұр екен олар дәріптеп нені?
11/02/2018 17:35 0 635
Алматыда «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі тапсырылады
Алматыда «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі тапсырылады
Алматыда «Алтын қалам 2018» әдеби жүлдесі тапсырылады
5 аталым бойынша мүсіншелер мен дипломдар табысталады
12/02/2018 12:27 0 573
Алматыда «Алтын қалам» иегерлері марапатталды
Алматыда «Алтын қалам» иегерлері марапатталды
Алматыда «Алтын қалам» иегерлері марапатталды
"Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап" аталымы бойынша Ерлан Карин марапатталды
13/02/2018 15:17 5 772
Түнгі елес
Түнгі елес
Түнгі елес
Бiр қорқыныш, бiр үрей бойды билеп, Тереземе қараймын жайлап қана
13/02/2018 19:23 0 763
«Манасты» айтқан Сағынбай менен Саяқбай
«Манасты» айтқан Сағынбай менен Саяқбай
«Манасты» айтқан Сағынбай менен Саяқбай
Алматыдағы «Арман» кинотеатрында қырғыз кинорежиссері Эрнест Әбдіжапаров түсірген «Саяқбай» атты кинофильм көрсетілді.
14/02/2018 12:21 1 447
Ринат Зайытов. Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ...
Ринат Зайытов. Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ...
Ринат Зайытов. Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ...
Бір елде бір "Мырза" бар уайымы жоқ Сөзінің шындығы аз, ойыны көп
14/02/2018 13:35 29 7406
Павлодарлық ақын көкек аналарға өлең арнады
Павлодарлық ақын көкек аналарға өлең арнады
Павлодарлық ақын көкек аналарға өлең арнады
Жеті атасыз жер басқан жетімекпін, Жоқ менде арқа сүйер нағашы да
16/02/2018 16:50 1 492
Рақымжан аға, сізді кім (не) өлтірді?
Рақымжан аға, сізді кім (не) өлтірді?
Рақымжан аға, сізді кім (не) өлтірді?
«Құдайға жан қарызым бар. Басқа қарызым жоқ», - деуші едіңіз. Сол қарызыңызды беріп құтылған сияқтысыз.
17/02/2018 21:06 12 7144
Дулат Исабеков: Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ
Дулат Исабеков: Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ
Дулат Исабеков: Қазақ әдебиетінде постмодернизм жоқ
Тәуелсіздік алғаннан кейін бір-екі әңгіме жазғаным болмаса, прозаға қайта келе алмай жатырмын. Бірақ прозаға оралу – ішкі арманымның бірі
18/02/2018 11:40 9 4453
«Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» (Мырзан Кенжебайға жауап)
«Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» (Мырзан Кенжебайға жауап)
«Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» (Мырзан Кенжебайға жауап)
«Әкең жақсы кісі еді...» деп басталатын ежелгі ауыр сөзді бетіне басуыма болатын еді.
19/02/2018 09:50 10 918
Дулат Исабеков: Постмодернистер – өмірден өзін-өзі жоғалтып алған адамдар
Дулат Исабеков: Постмодернистер – өмірден өзін-өзі жоғалтып алған адамдар
Дулат Исабеков: Постмодернистер – өмірден өзін-өзі жоғалтып алған адамдар
Мен америкалық жазушы Чак Паланик «Бойцовский клуб» романын оқып жатырмын.  Міне, «настоящий» постмодернизм.
19/02/2018 13:08 0 488