• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:00:35
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкенттің жаңа әкімі Нұрлан Сауранбаев жөнінде

Сауранбаев - Амалбек Тшановтан басталатын Шымкент қаласының әкімдер тізімінде реттік нөмірі бойынша 14-ші әкім.

Бұрындары облыс әкімі аймақтың, тіпті қала әкімін сайлап, қалаған кезде орнынан ауыстыруға құқылы болатын. Кейініректе мәслихат келісімі қажет етілгендіктен, бұл үрдіс күрделене түсті. Дегенмен, ол жай ғана құжат жүзіндегі іс болатын. Ал кей бір жағдайларда мәслихат шын мәнінде де сайлауға араласып, облыс әкімі ұсынған кандидатқа келісім бермеген кездер де ұшырасатын. Бұл жағдай ОҚО-да да болған еді.

Бұдан бірер жыл бұрын барлық аймақ әкімдері мемлекеттік «А» корпусының қызметкерлері қатарына енгізілді. Әрине, осыдан бастап, оларға қойылатын талап та күшейді. Ал облыс әкімдері бұрынғысынша, өз адамдарын сайлай алмайтын болды. Ол үшін кандидат барлық тестілеуден өтіп, талаптарға сай болуы керек.

Тек бір ғана әкімдер санаты өзгеріссіз қалды, олар облыс орталықтарын басқарушылар еді. Бұл лауазымға бұрынғысынша, облыс әкімі қалаған адамын мәслихат арқылы сайлауға мүмкіндігі бар.

Мәселен, күтпеген жағдайда облыс орталығын Ғабидолла Рахматоллаұлы басқарған сәттен бастап, жағдай күрт өзгерді. Ендігі жерде қаланы шын мәнінде де қала әкімі басқаратын болды. Әрине, ол белгілі бір деңгейде облыс әкіміне бағынғанмен, өзі де қаншама мүмкіндікке ие бола бастады. Әбдірахымов басқарған сәттен бастап, қала әкімі статусы айтарлықтай күшейе түсті.

Ғабидолла Әбдірахымов (31.10.2017) орнынан кеткенде Шымкенттің жаңа әкімі лауазымын иеленген кандидат асқан ұқыптылықпен таңдалған сыңайлы. Себебі, Шымкенттің жаңа әкімі араға бір апта уақыт салып қана тағайындалған болатын. Бұл қала тарихындағы бір жеті әкімсіз өмір сүрген алғашқы оқиға еді.

Шымкент қаласының 14-ші әкімі- Нұрлан Сауранбаев

7 қарашада облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәслихат мақұлдауымен Шымкент қаласының жаңа әкімі етіп Нұрлан Сауранбаевты сайлады.  Сауранбаев - Амалбек Тшановтан басталатын Шымкент қаласының әкімдер тізімінде реттік нөмірі бойынша 14-ші әкім.

яндекс

Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев 50 жаста, ол 1967 жылы кеңестік Қазақстанның Жамбылында дүниеге келген. Өзі құрған отбасында екі қыз, үш ұлы бар. Біраз уақытын кәсіпкерлікпен айналысуға жұмсаған.

Нұрлан Ермекұлы білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген ол Қазақстандағы ең ықпалды тұлғалардың бірі.

Әкімдікке сайланған сәттен бастап, ол қала әкімінің блогында ғаламтор қолданушыларымен амандасып, қала тұрғындарын айына бір рет 1,5 сағат қабылдай алатындығын жеткізген екен. Ол әрбір айдың үшінші сәрсенбісінде сағат 15.30-дан бастап 17.00-ге дейін қала тұрғындарын қабылдайды.

Құрметті шымкенттіктер!

Сіздерді Шымкент қаласы әкімдігінің блог-тұғырнамасында көргеніме қуаныштымын!

Жаңа интерактивтік ресурс арқылы сұхбаттасу және кері байланыс орнату әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауды күшейтуге, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға себін тигізетініне, ал біздің ынтымақтастығымыз екі жаққа да пайдалы әрі қызықты болатынына сенімдімін...

Онымен қоса, Шымкент қаласы әкімі жаңа технологиялар индустриясының вице министрі қызметін атқарғанда, Караван басылымына «Қазақстан 1 жылда миллиард турист қабылдауға ауқымы жетеді» деген еді. Мұны айтқан әкім, Шымкентті де туристерге толтыруына сенімдіміз.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласында «Еңбек» компаниясының бас директоры болып бастаған.

1997-2002 жылдары Қазақстанның кәсіпкерлер конгрессінің атқарушы директоры, «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның «Жолаушылар тасымалы» еншілес кәсіпорын директоры, «АНПЗ» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті болып еңбек еткен.

2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры, Мұнайды тасымалдау жөніндегі басқарушы директоры, Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың ақпан айынан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін әзірлеу және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетінің басшысы лауазымын атқарып келген.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградталған.

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір