• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:41:57
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2018 NEWS

Шымкенттік "Реалдың" жеңісіне ақша тігіп, қомақты ұтысқа ие болды

Тәуекелшіл жанкүйер 90 минуттың ішінде өзінің ақшасына 7,1 миллион теңге қосып алды.

Тәуекелшіл жанкүйер 90 минуттың ішінде өзінің ақшасына 7,1 миллион теңге қосып алды.

Шымкентте испаниялық "Реалдың" жанкүйері өз командасының Чемпиондар лигасы финалындағы жеңісіне 10 миллион теңге тікті, деп хабарлады SportX.kz. 

Айта кетейік, Киев төрінде испанның "Реал Мадриді" ағылшынның "Ливерпулін" 3:1 есебімен ұтқан болатын. Тәуекелшіл фанаттың болжамы дәл келіп, 17,1 миллион теңге ұтысқа ие болды. Яғни, ол 90 минуттың ішінде өзінің ақшасына 7,1 миллион теңге қосып алды.

Рrosports.kz порталы жазғандай, матчтағы қызықтың бәрі үзілістен кейін болды. 51-минутта қақпашы Лорис Кариустың өрескел қателігінен кейін Карим Бензема есеп ашты. Бірақ төрт минуттан соң Садио Мане таразы басын теңестірген. Ал 64-минутта Марселоның қапталдан асырған пасынан соң Гарет Бэйл қайшылай соққы жасап, "Реал" тағы да алға шықты. Бұл голмен мадридтік команда тоқтап қалған жоқ. 83-минутта Бэйлдің алыстан жасаған соққысын Кариус ұстап тұрып, жіберіп алды. Осылайша "Реал" қатарынан үшінші жыл Чемпиондар лигасын жеңіп алды.   



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір