• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:29:26
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкенттегі ескі мұнара мен көпір бұзылады

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді

Шымкенттегі қорғасын зауыты аумағында құлауға шақ қалған ескі мұнара мен теміржолдың үстіндегі көпір бұзылатын болды. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді.

Басқарма бастығының сөзінше, қалалық әкімдікте мұнара мен көпірге қатысты төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының шұғыл отырысы өткен.  Кеңеске қала басшылары мен прокуратура қызметкерлері, «Южполиметалл» АҚ мен «Форте банк» өкілдері,  «Қазақстан теміржолы» АҚ мен төтенше жағдайлар қызметкері қатысқан. Онда қауіпті нысандарды зауыт қожайыны «Форте банкке» кепілдікке қойып жібергендіктен, бұзу мүмкін болмай тұрғаны айтылды.  Дегенмен, қаржы ұйымы алып нысанды бұзуға қарсы еместігін білдірді. Тек, оның шығынын төлеуді талап етті. Яғни, төтенше жағдайлар қызметі мұржа мен аспалы көпірдің бұзу шығынын тәуелсіз сарапшыларға есептетіп, тараптар ортақ келісімге келмекші.   

«Жиналыс қорытындысы бойынша, екі нысанды апаттық жағдайда деп жарияланды. Комиссиялық акт түзіліп, «Форте банкпен» рұқсат берілгені туралы келісім шарт жасалды. Сондай-ақ бүгін ертең «Қазақстан теміржолы» Ұлттық компаниясына хат пен құжаттар жолдап, теміржолдың үстінен өтетін көпірді бұзу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіледі. Ары қарай, зауыттың ауласында орналасқан мұржаны бұзу мәселесі қарастырылады», - деді Мадияр Жақсыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, қорғасын зауытындағы ескі мұнара мен теміржол үстіндегі көпір әбден тозығы жетіп, құлауға шақ қалған болатын. Биіктігі 160, ауданы 30 метр болатын алып мұнара өткен ғасырдың 30-шы жылдары салынған. Айналасы кірпішпен өріліп, ортасы қалың сым темірмен бекітілген мұнара кейін қараусыз қалып, оны тұрғындар қалың арматурасын алу үшін арнайы техниканың көмегімен қазып тастаған. Салдарынан мұнара бір жағына қарай қисайып, айналасына қауіп төндірген еді. Мамандар ол құлаған жағдайда айналасындағы тұрғын үйлер мен темір жолға кесірін тигізуі мүмкін екенін ескерткен.

Ал, теміржол үстіндегі  аспалы көпір де апатты жағдайға жеткені белгілі.  Оның да кейбір адамдар тіреулерін кесіп әкеткен. Көпір құлайтын болса, тәулігіне 60 жүк және жолаушылар пойызының қатынасы үзілетін еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір