• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:32:23
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкентте Жеңіс күніне орай өткен шараға үш мыңнан аса тұрғын қатысты

«Қаһарман Ұлт» шеруімен бастау алған шараға үш мыңға тарта тұрғын қатысты

Шымкентте Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі - ел есінде» атты салтанатты іс-шара өтті. «Қаһарман Ұлт» шеруімен бастау алған шараға  үш мыңға тарта тұрғын қатысты.

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалы кешенінде өткен салтанатты жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен  қала әкімі Нұрлан Сауранбаев, майдангерлер мен тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары қатысты.

Бұл мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны ерекше екенін айтқан аймақ басшысы екінші дүниежүзілік  соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша оңтүстікқазақстандықтарды Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

«Құрметті майдангерлер! Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы бейбіт өмір сүруде. Отан үшін отқа түсіп, қан майдандағы жеңіске деген табандылықтарыңыз  үшін, алғыс білдіреміз! Ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес. Елбасымыз Нұрсұлтан   "Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз!" деп өшпес даңқты ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында  аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қолдауда, әсіресе денсаулықтарын түзету, сауықтыру және зейнетақы үстемелерін қосу мәселелерін назардан тыс қалдырған емес»,-деді Жансейіт Түймебаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір