• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:48:54
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Шымкентте жаңа жыл қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары пысықталды

Айта кету керек, былтыр пиротехниканы пайдалану кезінде ешқандай оқыс жағдайлар тіркелмеген

Шымкентте пиротехникалардан келетін өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Шымкент қаласы ТЖБ мамандары бас қосты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Дағдарыс орталығында өткен жиынға мамандардың төрт көзі түгел жиналды. Жаңа жылды қарсы аларда пәтерлерде, жеке тұрғын үйлерде бенгал отын жақпау туралы ескертулер жасалды. 

Сонымен қатар,  от шашуларды саудалайтын саудагерлер де заңсыздыққа жол бермеуі тиіс. Ал мұндай дерек тіркелмес үшін, жауапты қызметкерлер тексеру жұмыстарын күшейтпек.

Шымкент қаласы ТЖБ бас маманы Нұрдәулет Бексейітов қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. Оның ішінде, шыршаның бекітілуі жайында айтылып, шырша маңындағы электр сымдарын арнайы мамандар қосып, өшіруі керек делінген. 

Айта кету керек, былтыр пиротехниканы пайдалану кезінде ешқандай оқыс жағдайлар тіркелмеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір