• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:30:21
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2018 Аймақтар

Шымкентте тағы бір оқушы өзіне қол жұмсады

Қаладағы №113 мектептің 8 сынып оқушысы А.З. сағат 18:30 шамасында анасына малға жем-шөп саламын деп, қораға кеткен

Шымкентте 8 сынып оқушысы өзіне қол жұмсады. Қайғылы оқиға 16 ақпан күні  кешкі сағат 19-дар шамасында болған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

«Қаладағы №113 мектептің 8 сынып оқушысы А.З. сағат 18:30 шамасында анасына малға жем-шөп саламын деп, қораға кеткен. Арада біраз уақыт өткенімен баласы қайтып оралмаған. Одан соң анасы мазасызданып, қораға кіргенде асылып тұрған ұлын көреді. Жеткіншектің денесі қалалық N1 ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімнің өз өзіне қол жұмсау оқиғасы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде. Шымкент қаласының əкімдігі марқұм оқушылардың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады» делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, бұл Шымкенттегі жасөспірімдердің арасындағы өз өзіне қол жұмсаудың алғашқы оқиғасы емес. Бұған дейін  10 ақпанда Қайнарбұлақ саяжайында тұратын 11 сынып оқушысы үйінің ауласында асылып қалған болатын. Ол өз өліміне кінәлі ретінде алты адамның тізімін жазған қағаз тастап кеткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір