• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:10:18
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкентте старт-ап жобалары бойынша «I-SHYMKENT» байқауын өткізу ережелері

Шымкент қаласында старт-ап жобалары бойынша «I-SHYMKENT» байқауын өткізу туралы Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже старт-ап жобалар байқауының (бұдан әрі - Байқау) мақсатын, міндеттерін, қатысушылар санатын, өткізу тәртібі мен талаптарын анықтайды.

  2. Байқау ұйымдастырушысы – «Ordabasy film» ЖШС, Шымкент қаласының кәсіпкерлік бөлімі (бұдан әрі - Ұйымдастырушы).

  3. Байқауға қатысуға өтінімдер 2018 жылдың 11 мамырдан бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 18 мамырға дейін жалғасады.

  4. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ережелер бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

 

2.      Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

  1. Байқаудың мақсаты – еліміздің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен технологияларды анықтау және ғылыми-инновациялық қызметке қызықтыру арқылы жастардың шығармашылық қабілеттерді арттыру. Жастарды кәсіпкерлікке баулу.

  2. Байқаудың міндеттері:

  • ғалымдардың, инженерлік-техникалық           жұмысшылардың, өнертапқыштардың, аспирант, студенттер мен оқушылардың инновациялық ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру;

  • жастарды ғылыми-зерттеу қызметі мен ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу;

  • жастардың зияткерлік әулетін Қазақстан Республикасының ғылыми- техникалық және әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларын шешу жолында қолдануға жағдай жасау;

  • отандық инновациялық жобаларды іске асыруда көмектесу, олардың коммерцияландыруына және ұлттық кәсіпорындарда енгізуге көмектесу;

  • энергия және ресурс үнемдеу технологияларды, ғылымды қажет ететін экономиканы дамытуға    бағытталған    прогрессивті    және    жаңашыл жобаларды қолдау.

 

3. Байқау бағыты

  1. Байқауға қатысуға келесі тақырыптардағы инновациялық жобалар қабылданады:

  • қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі;

  • жасыл энергетика (энергетика және энергияны үнемдеу);

  • химиялық технология, нанотехнология және биотехнология;

 

  • өнеркәсіптік және құрылыстық технология және өндіріс;

  • агроинновация (өнеркәсіптік технология және өндіріс);

  • IT және авиағарыш технологиясы;

  • медицина, медициналық техника және технология, фармация;

  • табиғатты тиімді пайдалану, ресурсты үнемдеу;

  • робототехника;

  • жол қозғалысының қауіпсіздігі;

  • үздік лайфхак;

  • 3D баспа және жаңа материалдар;

  • гаджеттерге арналған мобильдік қосымшалар;

  • экологиялық инновация;

  • наноимпульс – нанотехнологиядағы инновация;

  • білімдегі инновация.

  1. Жалпы жүлде қоры 4 000 000 теңге.

Бірінші орын – 2000000 тенге

Екінші орын – 1000000 тенге

Үшінші орын – 600000 тенге

Ынталандыру (8 жоба) –  50000 тенге

 

 

4. Байқау қатысушылары

  1. Байқауға 14 және 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының резиденттері қатыса алады.

  2. Байқауға қатысуға жобаның бір авторымен қатар, 3 адамнан аспайтын авторлар тобы (авторлық топтың жетекшісі анықталуы тиіс) да жіберіледі.

  3. Әр қатысушы бір өтінім жібере алады.

  4. Байқауға реферат түріндегі жұмыстар қабылданбайды.

  5. Байқауға жаңа материалдар, өнімдер, процестер, құрылымдар, қызметтер, жүйелер немесе әдістер және олардың одан әрі жетілдіруі, нәтижелерін коммерциялық                      тұрғыда   қолдануға   бағытталған   ғылыми жобалар ұсынылады.

  6. Байқауға қатысушылар мыналарды жүзеге асыруға құқылы: Байқаудың өткізілу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға; Ереже тармақтары бойынша Ұйымдастырушыларға жүгінуге; Байқауға қатысуға материалдар жіберуге.

  7. Байқау қатысушыларының міндеттері:

Байқауға қатысуға ұсынылған Байқаудың міндеттері мен талаптарымен танысу; Осы Ережедегі талаптарға сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

  1. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.

 

5. Байқау ұйымдастырушысы

  1. Ұйымдастырушы:

Байқау туралы осы Ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға құқылы.

  1. Ұйымдастырушының міндеттері:

барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау; Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету; Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

  1. Байқау жеңімпазын анықтау мақсатында Ұйымдастырушы қатысушылардан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

 

6. Конкурстық комиссия

  1. Байқауды қорытындылау үшін Конкурстық комиссия құрылады.

Конкурстық комисия белгілі қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, кәсіпкерлерден құрылады.

  1. Конкурстық комиссия құрамы Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  2. Байқаудың Конкурстық комиссиясы:

  • инновациялық критерийлері бойынша жобаларды іріктейді;

  • Байқауға ұсынылған жобаларды сараптайды;

  • қатысушылардың жобаларын бағалау критерийлері бойынша бағалайды;

  • Конкурстық комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша Құрама кесте жинақтайды.

  1. Байқаудың Конкурстық комиссиясы:

  • іріктеуден өткен қатысушылардың жобалары бойынша баяндамаларды тыңдайды;

  • қатысушылардың жобаларын бағалау критерийлері бойынша бағалайды;

  • осы Ережеде сипатталған Байқаудың номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

  1. Байқауға қатысуға жіберілген өтінімдер бойынша ақпаратты анықтау мақсатында Конкурстық комиссиялар Байқау қатысушыларынан қосымша ақпарат сұратуға құқылы.

 

7. Өтінімге қойылатын талаптар

  1. Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

  2. Байқауға қатысуға өтінім ішінде келесі ақпарат болу керек:

  • осы Ереженің 1 Қосымшасына сәйкес форма бойынша қатысушының сауалнамасы;

  • жобаның сипаттамасы, құрамында: жобаның атауы;

жобаның тематикалық бағыты;

жобаның жүзеге асырылуы орны; жобаның мақсаты мен міндеттері; жобаның өзектілігі;

әлеуметтік-экономикалық тиімділігі;

техникалық сипаттамалары мен технологиялардың баяндауы; зияткерлік меншік жөніндегі ақпарат (бар болған жағдайда).

  1. Бар болған жағдайда зияткерлік меншік құқығын растайтын құжаттар (патенттер, сертификаттар және т.б.), мінездеме, пікір, жобаға қатысты хаттамалар, БАҚ-та, ресми ғылыми мекемелер және мемлекеттік органдар

 

сайттарында жарияланған ақпараттарға сілтемелер (бар болған жағдайда) Portable Document Format форматында сканерленген түрде осы өтінімге қоса тіркеледі.

  1. Жобаның ендірілген тәжірибелі үлгісі бар болған жағдайда эскиз, сызба, нұсқама, суреттер, видео (3 минуттан аспайтын), график, есептеме, тестілеудің есебі (акт және хаттама) және т.б. қоса тіркеу қажет.

  2. Жобалар Ұйымдастырушыға хабарландыруда көрсетілген мерзімінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Байқау тақырыптарына сай келмейтін және уақытынан кейін жіберілген материалдар Байқауға жіберілмейді. 29.Байқауға жіберілген материалдар кері қайтарылмайды.

 

8. Байқаудың өткізілу тәртібі мен шарттары

  1. Байқауға қатысуға   өтінімдер   2018   жылдың   18   мамырға   дейін [email protected] электронды мекенжайда қабылданады.

  2. Байқауға өтінім жібергендер Ұйымдастырушыға Байқауға қатысу

жөніндегі    өтінімді    дайындау    мен    рәсімдеу    мәселелері    бойынша хабарласуға құқылы.

  1. Өтінімдерді тіркеуден      кейін,      Байқау      Ұйымдастырушысы материалдарды жинақтап, Конкурстық комиссияға ұсынады.

  2. Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқаудың I кезеңіндегі өтінімдерді қарау Конкурстық комиссиясымен

жүргізіледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің бағалау қорытындылары бойынша әрбір өтінім жиналған баллдарына байланысты іріктеліп, ең жоғары баллға ие 11 қатысушы жобаның II кезеңіне өткізіледі. Егер екі немесе одан көп қатысушы бірдей балл жинаса, I кезеңнің жеңімпаздары Конкурстық комиссия мүшелерінің ашық дауысқа салуымен анықталатын болады.

  1. Байқаудың II кезеңінде қатысушылар өз жобаларын ауызша баяндама және презентация түрінде ұсынады. Уақыт тәртібі – 6 минуттан аспауы тиіс.

Байқау жеңімпаздарын анықтау қатысушылардың презентациясы мен баяндамаларын бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

  1. Отырысқа Конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілігі қатысқан жағдайда оның жұмысы заңды, ал шешімдері нақты болып табылады.

  2. Байқау қатысушылары жобаларының бағалау қорытындылары комиссия хатшысына тапсырылып, қорытындылар хаттамасына жинақталады.

Жобаларды бағалау бойынша отырысқа қатысқан Конкурстық комиссия мүшелері және Конкурстық комиссия хатшысы қорытындылар хаттамасына қол қояды.

 

9. Байқауға қатысу жөніндегі өтінімдерді бағалау критерийлері

  1. Бірінші кезеңге жіберілген инновациялық жобаның негізгі бағалау өлшемдері:

Байқау қатысушыларының өтінімдерін бағалау критерийлері: Инновациялық жобаның жаңалығы және бірегейлігі; Инновациялық жобаның әлеуметтік маңыздылығы; нысаналы аудиториясы, атаулығы;

бизнесте    жұмыс    істеу    тәжірибесі    (ұқсас    бизнестегі    жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы).

  1. Байқау қатысушыларының өтінімдерін бағалаудың әр критерийі 0- ден (нөлден) 2-ге (екіге) дейінгі балдармен бағаланады, мұндағы 0 (нөл) – өтінімнің критерийге толықтай сәйкес келмейтінін, 1 (бір) – критерийге ішінара сәйкес келетінін, 2 (екі) критерийге толықтай сәйкес келетінін білдіреді.

  2. Қандай да бір критерий бойынша ақпараттың аз болуы немесе жоқтығы тұтас алғанда инновациялық жобаға берілген баллдың төмендеуіне әсер етеді. Сарапшылардың қорытындысында көрсетілген қорытынды баға әр бағалау критерийі үшін жиналған баллдар қосындысынан құрылады.

  3. Балдарының саны тең түскен өтінімдер болған жағдайда, Байқау қатысушыларын айқындау жөніндегі шешімді Байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.

  4. Екінші кезеңге жіберілген инновациялық жобаның негізгі бағалау өлшемдері:

Байқауқатысушыларының презентацияларынбағалау критерийлері: Инновациялық жобаның жаңалығы және бірегейлігі; Инновациялық жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

ашылатын жұмыс орындарының саны;

іс       жүзіндегі   нәтижелерге     бағдарлануы:    өтелімділігі, рентабельділігі, төлем қабілеттілігі және т.б.;

нысаналы аудиториясы, атаулығы; бәсекелестері;

бизнесте    жұмыс    істеу    тәжірибесі    (ұқсас    бизнестегі    жұмыс тәжірибесінің болғаны жақсы).

  1. Байқау лауреатының бизнес-идеясын бағалаудың әр критерийі 1-ден (бірден) 10-ға (онға) дейінгі балдармен бағаланады.

  2. Балдарының саны тең түскен Байқау қатысушыларының презентациялары болған жағдайда, Байқау лауреаттарын айқындау жөніндегі шешімді Байқау комиссиясының мүшелері қабылдайды.

 

10. Байқау қорытындыларын шығару

  1. Байқаудың екінші     кезеңіне     өткен     барлық     қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

  2. Байқаудың үшінші     кезеңіне     өткен     барлық     қатысушыларға сертификаттар табыс етіліп, жеңімпаздарға қаржылай сыйақылар беріледі.

 

 

11.      Байқауды өткізу уақыты мен кезеңдері

  • кезең (2018 жылғы 11 – 2018 жылғы 18 мамыр) Байқауға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау және тіркеу, жобаларды сараптау және іріктеу, конкурстық іріктеу;

  • кезең (2018 жылғы 19 мамыр) Байқаудың нәтижелерін бекіту, жеңімпаздарды марапаттау;

 

12. Медиа-ресурстар

Байқаудың ақпараттық қолдауын медиа-ресурстары, ақпараттық серіктестері қамтамасыз етеді.

 

13.     Ұйымдастырушының байланыс ақпараты

Байқау Ұйымдастырушысы: Байқауға  қатысу  үшін  Шымкент  қаласы, 8 мөлтекауданы, үй 7а, «Ordabasy film» ЖШС-нің кеңсесінде өтінім үлгісін толтыру қажет немесе (эл.почта – [email protected]) жолдау қажет.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір