• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:08:58
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкентте қоғамдық көлік қатынайтын жаңадан 12 бағыт ашылады

Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі алдағы уақытта Шымкенттен мемлекеттік автобус паркін ашуды ұсынып отыр

Жыл соңына дейін Шымкентте қаланың шеткі елді мекендерінен орталыққа қатынайтын жаңадан 12 бағыт қосылады,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ал жүру жиілігін бұзған компаниялармен қазірдің өзінде келісімшарттар бұзылып жатыр. Сондай-ақ, келер жылға дейін бірқатар елді мекендер сапалы жарыққа қол жеткізеді. Бұл – облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Шымкент қаласы әкімін тағайындау кезінде берген тапсырмаларының нәтижесі.

Бүгінде қаладағы өзекті мәселенің бірі қоғамдық көліктер болып отыр. Осы ретте Шымкент қлаасы әкімдігінің шешімімен халық көп шоғырланған елді мекендерден қалаға қатынайтын 12 бағыт ашылып, тасымал саласында  бес бағытқа жауапты мекемемен келісімшартты үзген.

Сонымен қатар, қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі алдағы уақытта Шымкенттен мемлекеттік автобус паркін ашуды ұсынып отыр. Бұл бағыттағы ілкімді істер қазірдің өзінде басталып кетті.

Айта кетсек, 7-ші қарашада Шымкент қаласының әкімі болып Нұрлан Сауранбаев сайланғаны хабарланған болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір