• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:43:15
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкентте «ОҚО-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі ашылды

Бауырлас халықтар арасында ұйымдастырылған көрме жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев танысты

Бүгін Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі ашылды.

Онда тоқыма, киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорындар қатысуда.

Бауырлас халықтар арасында ұйымдастырылған көрме жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев танысып, екі елдің өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының және сауда - экономикалық байланысының бұдан әрі дами түсетініне сенім білдірді.

Екі күнге жалғасатын шара - Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекстан арасындағы өзара ынтымақтастық пен бауырластық қатынастарды орнатуға бағытталған тағы бір қадам болып саналады. Қазіргі таңда екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас жылдан-жылға артып келеді. Мәселен,  өткен жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы сауда айналымының көлемі 2 млрд АҚШ долларына жетсе, оның 30 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Яғни,  2017 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанмен сыртқы тауар айналым 16,8 пайызға артып, 622,6 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде сәйкесінше экспорт - 252,8 млн  АҚШ долларын , импорт - 369,8,8 млн АҚШ долларына жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір