• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:06:02
+35°

10 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі адамдарға мүгедектер арбасы сыйға тартылды

Ал қала әкімдігі қаладағы автобустарда мүгедектерге арналған арнайы орындарды даярлауды қолға алмақ

Шымкент билігі мүгедектерге жыл басынан бері 687 мүгедектер арбасын сыйға тартты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Қалалық әкімшілік өкілдерінің айтуынша, жағдайы төмен мүгедек жандарға тұрақты түрде көмек көрсетіліп отырады. Олардың қатарында 800 адам әлеуметтік қызметкерлерден көмек алса, 493 отбасының балаларына қаржылай көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар жыл басынан бері 1200 мүгедек арнайы емделу орталықтарына жолдама алған.

Айта кететін жайт, 2016 жылы негізі қаланған «Әлеуметтік такси» жобасын «Инва такси» жобасымен жалғасын тапты. Осы уақытқа дейін «Әлеуметтік такси» жобасы бойынша 717 адамға қызмет көрсетілсе, 514 адам «Инва такси» қызметіне жүгінген.

Ал қала әкімдігі қаладағы автобустарда мүгедектерге арналған арнайы орындарды даярлауды қолға алмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір