• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Мамыр, 05:12:45
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкентте мемлекеттік пәтерге құжат қабылдау басталады

Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді

2018 жылдың  22 мамыры мен 25 мамыры аралығында «Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша Шымкенттегі Тұран шағынауданы, 192-орам, №979 жер телімінде орналасқан «Адия» тұрғын үй кешенінде тапсырылатын 201 пәтерге қосымша өтінімдер қабылданады. Өтінімдердің «Е-gov» порталына тіркелуін ЭЦҚ кілті арқылы әрбір қатысушы өзі қамтамасыз етеді және төлем қабілеттілігіне байланысты пәтердегі бөлме санын өзі таңдайды.

Өтінімдер мен құжаттардың электронды түрде тапсырылуы бойынша кеңес беру халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Е-gov» пунктерінде және Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі (Т.Рысқұлов көшесі, 8а, №2 каб.) арқылы жүргізіледі.

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бағыты бойынша қатысу үшін жергілікті атқарушы органда кезекте тұруы және төмендегі санаттарға жатуы тиіс:

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар,

- мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар,

- жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер,

- жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,

- оралмандар,

- экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар,

- көп балалы отбасылар,

- толық емес отбасылар,

- мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың , бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

 

«Самұрық -Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы берілетін пәтерлердің сипаттамалары мен жалға алу арқылы сатып алу тетіктері:

Пәтер саны

Пәтер түрі

Бөлме саны

Жоғарғы аудан, ш.м.

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 5 жыл ,тг/ай

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 7 жыл ,тг/ай

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 10 жыл ,тг/ай

Сатып алу құқығымен жалдау мерзімі бойынша арендалық төлем– 15 жыл ,тг/ай

36

Тип 1

1

36,93

103211

80643

64195

52201

55

Тип 2

1

42,42

118555

92632

73738

59961

96

Тип 5

3

83,39

233057

182097

144955

117873

14

Тип 6

3

86,35

241329

188561

150100

122057

201

 

 

 

 

 

 

 

 

Қажет құжаттардың тізімі:

  1. Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
  2. Өтініш беруші мен онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

3) Неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

4) Өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

5) Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

6) Өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

7) Жалақы туралы анықтама;

8) Кезек нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

9) Меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екені туралы өтініш;

10) «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 67-бабындағы айқындалған мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік әлсіз топтар және басқа да санаттарды растайтын құжаттар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір