• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:13:03
+35°

23 Қазан, 2017 NEWS

Шымкентте Kaspi Bank бөлімшесіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Полицей қызметкерлері оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Полицей қызметкерлері Шымкентте (2017 жылдың 13 қазаны) және Алматыда (2016 жылдың 2 қыркүйегі) Kaspi Bank бөлімшелеріне шабуыл жасаған қылмыскерді ұстады, деп жазады Qasmhy.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті өз кінәсін мойындады. Полицей қызметкерлері оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

ҚР Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөліміне сәйкес күдіктінің дүние мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

«Қуанышқа орай, қарақшылық барысында ешқандай қызметкер зардап шеккен жоқ. Ұрланған ақшаның жартысы қайтарылды, жұмыс жалғасып жатыр. Kaspi Bank қызметкерлерімен етене байланыста болып, істі тергеп, қылмыскерді ұстағандары үшін құқық қорғау органының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз», - делінген банктің ресми парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір