• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:57:56
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 NEWS

Шымкентте ер адам дін үшін әйелін пышақтады

Хайролла Нарметовтың әйелінің қазіргі жағдайы қалыпты

Шымкенттегі Қаратау аудандық соты "өзге дінге кіргені үшін әйелін пышақтағанын" мәлімдеген Хайролла Нарметовты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап. 

"Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының 1983 жылы туған тұрғыны Хайролла Нарметовті 12 қарашада болған оқиғаға байланысты Қаратау аудандық полиция бөлімі арнайы күзетпен Қаратау аудандық сотына санкция шығаруға алып келді. Ол сот барысында кінәсін толығымен мойындап, оны ашумен жасағанын айтып, істеген ісіне өкінетінін білдірді" дейді Бағлан Әмірәлиев.

Оның айтуынша, сот күдіктіні Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігімен ("қасақана ауыр дене жарақатын салу") күдікті деп танып, екі ай мерзімге қамауға алуға қаулы етті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хытшысы Асылбек Досалының Азаттыққа хабарлауынша, Хайролла Нарметовтың әйелінің қазіргі жағдайы қалыпты. Әйел жан сақтау бөлімінен жеке палатаға ауыстырылған.

Күдікті Хайролла Нарметов әйелімен болған жанжалдан соң түсірген видео үндеуінде "әйелін басқа дінге өткені үшін өлтірдім" деп мәлімдеген. Бұл видео 13 қарашада әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір