• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:54:04
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Шымкентте банк филиалының төрағасына іздеу жарияланды

Шымкенттегі әл-Фараби аудандық полиция бөлімі қаладағы банктердің бірінде филиал төрағасына іздеу жарияланды

Бүгін, 12 қаңтарда Шымкенттегі әл-Фараби аудандық полиция бөлімі қаладағы банктердің бірінде филиал төрағасы болған Нұржан Көлбаевқа іздеу жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Ол салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

45 жастағы Нұржан Көлбаевқа қылмыстық кодекстің "алаяқтық" бабы бойынша айып тағылып, іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу басталған.

Департаменттің хабарлауынша, "қазір полицейлер Нұржан Көлбаев болуы мүмкін мекен-жайларды тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр".

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір