• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:07:38
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 NEWS

Шымкентте балаға шабуылдаған күдікті қамауға алынды

Шымкентте подъезд ішінде балаға шабуыл жасаған күдіктіні қамауға алу туралы бұйрық шықты.

Шымкентте подъезд ішінде балаға шабуыл жасаған күдіктіні қамауға алу туралы бұйрық шықты. Бұл туралы қаланың Еңбекші аудандық соты хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Санкция екі айға берілді. Сот ведомствосының дерегі бойынша, кәмелет жасқа толмаған балаға шабуыл жасаған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 121-баптың «Кәмелетке толмаған балаға қарсы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық актілері» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, бірнеше күнннен бері әлеуметтік желіде кәмелет жасқа толмаған жасөспірім балаға шабуыл жасаған ер адамның видеосы қызу талқыланып келеді. Видеоны көрген қазақстандықтар жағасын ұстап жатыр.

Анықталғандай оқиға Шымкент қаласында, 1 шілде күні болған.

Видеодан ер адамның баланы подъезге кіргізіп, артынша баспалдақтың артына жасырынғанын байқаймыз. Кейін кіреберіске бір әйел кіріп қалып, ер адам сыртқа қарай қаша жөнеледі. Видео бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Полиция деректеріне сәйкес, күдікті 1985 жылғы Шымкент тұрғыны болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады. Ал педофилдің құрбаны болған 11 жастағы бала қазір дәрігерлердің бақылауында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір