• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:57:40
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 NEWS

Шымкентте әйел мен оның екі ұлын өлтірген қылмыскер ұсталды

8 ақпанда Шымкенттің Абай ауданында үштік қылмыс тіркелді. Көз жұмғандар 1965 жылғы әйел, 1996, 2005 жылғы ұлдары.

Жақында Тараз қаласының теміржол вокзалында үш адамды өлтірді деген айыппен күдікті ер адам ұсталды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі tvk-ға сілтеме беріп хабарлайды.

 1991 жылғы ер адам үш адамды өлтірді деген айыппен Шымкент қаласына жеткізілген. Жас жігіт бұрындары Шымкент қаласының тұрғыны болған, жақында ғана Таразға көшкен. Күдіктінің айтуынша, марқұм жігітпен бұрыннан таныс. Екеуі бірге киберспорттың танымал «Дота» ойнын ойнап жүрген. Оның айтуынша, ол марқұмның үйіне жаңадан сатып алған сапалы процессорын ұрлау үшін барған.

Ол үйдегі досының анасын кастетпен өлтірген, содан кейін оның үлкен ұлы-өзінің танысын үстелдің аяғымен ұрып өлтірген. Үйге ең соңғы болып келген танысының 13 жастағы інісін де тұншықтырып өлтірген.

Еске салсақ, 8 ақпанда Шымкенттің Абай ауданында үштік қылмыс тіркелді. Көз жұмғандар 1965 жылғы әйел, 1996, 2005 жылғы ұлдары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір