• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 15:03:38
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Шымкентте әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатыр

Форум барысында өз ісін дамытуға ниет білдірген болашақ кәсіпкер әйелдерге қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды

Шымкент қаласында «Әйел және бизнес» форумы өтті. Аталған жиынға түрлі салада жетістікке жетіп жүрген әйелдер келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Елбасының халыққа жолдаған үшінші үндеуі : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік болса, бұл үндеу әйелдер қауымын да бей-жай қалдырмады.  Аталған форумда әйелдің қоғамдағы орны мен, бизнестегі жетістіктері сөз болды.

Форум барысында өз ісін дамытуға ниет білдірген болашақ кәсіпкер әйелдерге қаржылай көмек көрсетілетіні айтылды. Ең төменгі қаржы 700 мыңды құрап отыр. Форум аясында Кәсіпкерлер палатасы мен Атамекен іскер әйелдер кеңесі өз ісін бастады.

Ал «Әйел және бизнес» форумының мақсаты аудан көлеміндегі барша әйелдер қауымының басын қосып, қоғамдағы беделін арттыру.

Форум барысында әл-Фараби ауданы әкімдігі мен Іскер әйелдер кеңесі арасында қарым-қатынастық мемарандумға қол қойылды. Екі жақ бірлесіп, қазіргі қаладағы әйелдерді толғандырып жүрген мәселелерін тыңдап, шағын және орта бизнесті қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, форумда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жолдары ғана емес, қаржылық сауаттылықты арттыру тәсілдері де сөз болды. Бұл жөнінде Еуропалық қайта құру және даму банк өкілі Махаббат Кабираева мәлімдеді. Оңтүстікте 60 мыңға жуық әйел жеке кәсіпкер атанған. Ал олардың бизнес әлеміндегі мақсатын жүзеге асыру үшін осындай форумдар жиі өткізілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір