• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:09:22
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкентте ауыр атлетикадан ҚР жеке кубогы мен чемпионаты өтуде

Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ҚР жеке кубогы мен чемпионаты өтіп жатыр

Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ҚР жеке кубогы мен чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің 14 облысынан және  Алматы, Астана қалаларынан 132 атлет қатысуда.

Еске сала кетейік, еліміздің ауыр атлеттері қазан айына дейін әлемдік жарыстардан шеттетілген болатын. Сондықтан, спортшыларымыз тек ел чемпионаттарында өнер көрсетуде. Оңтүстіктегі сайыста да спортшылар шамаларын байқап, мүмкіндіктерін көрді. Олардың қатарында  Рио-де-Жанейро қаласында өткен олимпиада ойындарының жеңімпаздары  Карина Горичева, Денис Уланов, Александр Зайчиков және Фархад Харки секілді ел мақтаныштары да бар. Жарыстың алғашқы күнгі  айналымында алаңға соңғы болып шыққан Фархад Харки 115 келі салмақты бағындырып, жарыстың үздік  спортшысы атанды. Сайыпқыран 120 келіге тапсырыс беріп еді. Алайда, бұл салмақ спортшыға бағынбады.

Айта кетейік, жарыс 18 мамыр күні өз мәресіне жетеді. Оның жеңімпаздары арнайы кубокпен марапатталатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір