• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:48:43
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкентте 7 жыл ішінде 55 жаңа мектеп салынады

Шымкент қаласындағы білім мекемелерінің құрылыстары бойынша 2018-2025 жылдарға арналған жоспар түзілді

Шымкент қаласындағы білім мекемелерінің құрылыстары бойынша 2018-2025 жылдарға арналған жоспар түзілді. Жоспар қала бойынша мектеп санын көбейту мақсатында үш ауысымда білім беретін мектептерді жаңалау мақсатында қолға алынды.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін Шымкентте 55 мектеп ғимаратын салу жоспарланды. Оның ішінде 2018 жылы - 8 жаңа мектеп салып, 7 білім ошағын қайта құру құрылысын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 6 жаңа мектеп салынуда. Олар: Бозарық шағынауданында (900 орынды), Қызылжар ш/ауд. (900), Шаңырақ ш/ауд. (600), Тұран ш/ауд. (1200), әкімшілік-іскерлік орталығындағы мектеп (1200), 112-орам (300). Бұған қоса 4 мектепті қайта құру құрылысы жүруде (№76 мектепте қосымша ғимарат, №99 мектепте - 300 орынды ғимарат, №103 мектепте - 600 орынды, №115 мектепте - 300 орынды).

Сонымен қатар Самал-3 шағынауданындағы №6 емхананың жанынан 1200 орынды жаңа мектеп салу жоспарда бар. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат әзірленген. Сондай-ақ, №85 мектепті қайта құру құрылысы да жоспарға қойылды. Тағы бір жаңа мектеп (Самал-3 шағынауданындағы №87 мектепке қарсы беттегі 1200 орынды мектеп) пен 2 қайта құру құрылысының (№63 мектепке қосымша ғимарат, №101 мектепке 300 орынды қосымша ғимарат) жобалық-сметалық құжат дайын.

Ал 2019 жылға төмендегі құрылыс нысандары жоспарға енгізілген:

- 3 жаңа мектеп (Сайрам - 300, Тұран - 1200, Асар-2 - 1200) пен 3 қайта құру құрылысының (№23,109 және 120 мектептер) жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

- 4 қайта құру құрылысы жоспарланған (№17,47,46 және 84 мектептер).

Сондай-ақ, Төлеметов көшесі, Ақниет тұрғын алаптарында салынатын 4 жаңа мектеп құрылысына және №65 пен 79 мектептерге қосымша ғимарат құрылыстарына қажетті жер телімінің мәселесі шешілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір