• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:25:54
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкентте  3D форматтағы «Қажымұқан» анимациялық фильмі түсірілді

Анимациялық фильмдер 2018 жылдың басынан бастап отандық кинотеатрлардан көрсетілетін болады

Шымкентте  3D форматтағы «Қажымұқан» анимациялық фильмі түсірілді , деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкенттік аниматорлар жыл соңына дейін тағы 3 мультфильмнің түсірілетінін айтты. Олар: «Отырар қорғаны», «Қасиетті Қазығұрт» және «Көне жетігеннің сыры». Аталған мультфильмдер де 3D форматта көрерменге жол тартады.

«Қажымұқан» фильмі қазақтың батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы болмақ. Қажымұқан - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы.

Аталған анимациялық фильмнің жұмыстары аяқталып қалды.

Ал «Қасиетті Қазығұрт» мультфильмінде қыпшақтар туралы аңыз баяндалады. Ал «Көне жетігеннің сыры» мультфильмінде жастар құрылыс жұмыстары барысында бейтаныс аспапты табады. Сол аспаптың сырын ашу - фильмнің басты мақсаты болады.

Анимациялық фильмдер 2018 жылдың басынан бастап отандық кинотеатрлардан көрсетілетін болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір