• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:52:40
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Шымкентте 20 меценат марапатталды

Салтанатты кеште қонақтар Астана туралы фото және кілем көрмесін тамашалады

Шымкентте «Екі жұлдыз» салтанат сарайында Елордасы - Астананың 20 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Салтанатты кеште қонақтар Астана туралы фото және кілем көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып, халық қажетіне жарайтын нысандар салған азаматтардың еңбегі ескерілді. Жағдайы қарапайым отбасыларға көмек қолын созған қоғам белсенділері мен бірқатар кәсіпкерлер марапатталды. 

 Айта кетсек,  Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елінің астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру жөніндегі тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл күн – тек елорда тұрғындарының ғана емес, мұқым қазаққа тән мерейлі мереке. Кемеңгер саясаткердің осынау көреген шешімінің дұрыс екенін бүгінде уақыттың өзі дәлелдеп берді. Көп ұзамай Астана еліміздің экономикалық, саяси, мәдени өмірінің қайнаған ортасына айналды. Салтанатты шараның әлқиссасы Астана туралы әзірленген арнайы бейнефильммен басталды.

Бұдан соң өңір басшысы еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан 20 меценатты марапаттады. Оларға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі мен Алғыс хат табыс етілді.  Еңбегі ескерілгендердің ішінде Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Ғани Ахметбаевтың қайырымды ісін айрықша атап өтілді. 

Қайырымдылық пен меценаттық қызметті дамыту жұмыстарына  өңірдегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері де үлес қосып жүр. Оларға Елбасының атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі тағылды. Латипша Асанов осы марапатқа ие болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір