• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:45:32
Алматы
+35°

18 Қараша, 2017 Аймақтар

Шымкентте 1,3 миллион қызғалдақ тұқымы отырғызылды

Гүлдер қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарларға отырғызылған

Шымкент қаласында 1 млн 300 мың қызғалдақ баданасы отырғызылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қызғалдақ баданасын отырғызуға қатысты барлық жұмыстар алдағы уақытта өз мәресіне жетеді. Көктемде гүлзарларда жайқалып тұру үшін барлық жұмыстар қазірден батсап қолға алынып жатыр. Өткен жылы қалада 700 мың қызғалдақ отырғызылса, биыл ол тізім еке есеге артып отыр.

Айта кетсек, гүлдер қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарларға отырғызылған.

Қызғалдақтар көктемде толық жайқалып өскен кезде ұлттық нақыштағы оюлар мен геометриялық фигураларды тамашалауға мүмкіндік тумақ. А2 айналма тасжолындағы бұл керемет космостан көзге түседі, – деп отыр көгалдандыру компанияларының өкілдері.

 Бұдан бөлек, қаланы көгалдандыруда  616 қарағай ағашы отырғызылған. Өткен жылы қурап қалған көшеттердің орнына мердігер компания өз есебінен тегін қырым қарағайын отырғызатын болады.

«Бұл гүлдер көктем келісімен жайқалып шыға келеді. Көп жағдайда голландиялық қызғалдақтарды отырғыздық. Гүлдер 6 түсті: сары, қызыл, көк, алқызыл, сарғылт, күлгін. Гүлдер баданасын қыста отырғызу - тәжірибеден  өткен әдіс» деп атап өтті көгалдандыруға жауап беретін компанияның өкілі Сұлтанхан Ахметов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір