• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 18:05:23
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Аймақтар

Шымкент қаласында жаңа емхана ашылды

Шымкенттегі облыстық клиникалық аурухананың жанындағы офтольмология бөлімі жаңартылды

Шымкенттегі облыстық клиникалық аурухананың жанындағы офтольмология бөлімі жаңартылды.

Ескі ғимарат үш айда күрделі жөндеуден шықты. Жаңа емхана заманауи құралдармен жабдықталып, кешенді медициналық ақпарат жүйесі іске қосылды. Жөндеуге жұмсалған қаражаттарды облыстық аурухана өз бюджетінен бөлді.

«Витреорентильдік хирургия - офтальмологиялық хирургияның күрделі тармағы. Отаның осы түрі қазір тек Астана мен Алматыда жасалады. Осыған байланысты науқастар ота жасату кезегін бірнеше айлап күтеді. Біздің дәрігерлеріміз осындай ота жасауды меңгерсе, ОҚО және оған таяу өңірлердің тұрғындарына дер кезінде сапалы офтальмологиялық көмек көрсету мүмкіндігі туады», - дейді денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Бұдан тыс, облыстық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімінде жаңа 3Н жүйесі енгізілді. Жүйеге сәйкес, ауруханаға келген науқастар қызыл, сары және жасыл деп аталатын санаттарға бөлініп, оларға шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібі белгіленіп отырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір